"Ауыл" партиясы президент Тоқаевтың жер туралы тапсырмасын толықтай қолдайды

"Ауыл" партиясы президент Тоқаевтың жер туралы тапсырмасын толықтай қолдайды
Ⓒtarlan.kz

"Ауылдағы еңбектің бағасын өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында агроөнеркәсіптің дамуы мен 7 миллион 700 мың ауыл тұрғындарының өмір шарттарына ерекше назар аударған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев біледі», - деді Әли Бектаев «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының XVI есеп беру-сайлау съезінде.

Мемлекет басшысы өз жолдауында «Жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мəселесі өте өзекті болып отыр. Жерге салынатын тікелей салықтар деңгейінің төмендігі жағдайды күрделендіре түсті. Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр. Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз жəне оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс» деп тайға таңба басқандай етіп атап көрсетті.

«Ауыл» партиясы Президенттің бұл тапсырмасын толықтай қолдайды.