Айдос Сарым: Қазіргі міндет түсінікті - тыныштық орнату

Айдос Сарым: Қазіргі міндет түсінікті - тыныштық орнату
Ⓒtarlan.kz

Саясаттанушы Айдос Сарым Жамбыл облысының Қордай ауданында болған жағдайға қатысты көзқарасын білдірді:

«Болған оқиғаны өте үлкен қасірет деуге болады, ол енді қайталанбауы керек. Біз қиын кезеңде өмір сүрудеміз, қоғам әрдайым дамылсыз өзгеріс үстінде. Әлемде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі өзгереді. Біз ескінің қалдығы болған ұрандарды ұстанбай, еліміз бен қоғамымызды зерттеуіміз керек. Болған оқиға көрсеткендей, осындай жағдайда орын алған кез келген қақтығысқа ішкі ойыншылар, нақұрыстар мен арандатушылар араласқаннан кейін  этносаралық немесе конфессияаралық деңгейге дейін көтеріліп кетуі мүмкін.

Біз барлық жалған тыныштықтан айырылып, бір сәтте бетперделердің шешілгенін көрдік. Сондықтан менің ойымша, қаза болғандарды жерлеп, жараланғандарды емдеуіміз керек, бірақ ең бастысы ойлануымыз қажет.  Тек халық дипломатиясының құралдарын ғана емес, әлеуметтану, психология, жанжалтану секілді  гуманитарлық ғылымдардың өкілдерін тартып, қақтығыс процессінің әрбір минутын жан-жақты зерттеуіміз керек. Бұл мәселе тек соңғы екі-үш күнде емес, бұдан да ертеде басталған еді.

Мемлекеттік органдарды, ішкі саясатты, соның ішінде Ассамблея институттарын  қайта құрылымдау керек

Қиындықты шешудің оңай жолы болмайды. Мәселені жан-жақты ойланып, талдау, түсіну — бір күннің еншісіндегі жұмыс емес. Саперлер баяу жұмыс істейді, ақымақтар ғана асығып, олардың алдына түседі деген сөз бар ғой. Қазіргі міндет түсінікті: тыныштық орнату. Ары қарай ұзақ уақытқа созылатын әділ де адал жұмыс жүргізілуі керек».