Қазақы саясатты жалғастырушы

Қазақы саясатты жалғастырушы
Ⓒtarlan.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев текті отбасынан шыққан, зиялы қауым өкілдерінің арасында ержеткен, әңгімелерін тыңдап, кітаптарын оқып өскен туабітті зиялы десек артық айтқанымыз емес.

«Кемел Тоқев өзі өмір сүрген қоғамның қасіретті болған жат тірлікті шытырман оқиғаларға желі етіп, сабақ алар, салмақты мұра қалдырған дарын иесі. Оның қаламынан туған еңбектерінде отаншылдық рух, ұлттық патриотизм тайға таңба басқандай көірініп тұрады», - деп еске алады қаламдас әрі майдандас серіктестері.

[caption id="attachment_2152" align="alignnone" width="960"] Сурет Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әке туралы толғаныс" атты кітабынан алынды[/caption]

Қасым-Жомарт Кемелұлының қазақы жан-дүниесі мен ұлттық санасы, тарихи сезімі және мемлекетшіл дүниетанымы оның қазақи болмысын күшейтетін, сонымен бірге, ұлттық мүддені қорғауда саяси жауапкершлігін арттыратын басты факторға айналды.

Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіз саясаты және аумақтық бүтіндігі үшін бел шеше күрескен ұлы бабаларымыз бен әкелеріміздің мұрасын арқалауға дайынбыз дейтін Елбасының риторикасын жалғастырып кете алатын және оған толыққанды моральдық құқығы бар бірден-бір саяси тұлға - Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бастысы, зиялы, текті тұлға ең алдымен қоғам мен мемлекеттің мүдделерін бірізділікте сақтайтын принципшіл саясатты жүргізбек.

Тоқаев - биліктің ең басына Елбасының қолдауымен шыққан интеллигент шәкірті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, қашанда зиялы қауым өкідерімен ажырамас байланыста болып, ақыл кеңестеріне жүгініп, сұхбаттасып, айтқан-жазғандарын үнемі назарында ұстап, зиялылардың үздіксіз қолдауына ие болып келеді. Тоқаев зиялылар отбасынан шығып, Елбасының қасында жүріп бұл қауыммен  байланысын бір сәтке де үзбеген тұлға. Қазақ халқының зиялы қауымға артқан аманаты ерекше. Бұл сонау Алаш арыстарынан бері келе жатқан саяси үміт. Сондықтан Тоқаевтың президенттігі - қазақ ұлтының тағдырын ойлайтын зиялылармен тікелей байланысты.

Нұрғали Нұртай