Зиялы қауым өкілдері Тоқаев туралы жүрекжарды лебіздерімен бөлісті

Зиялы қауым өкілдері Тоқаев туралы жүрекжарды лебіздерімен бөлісті
Ⓒtarlan.kz

Зиялы қауым өкілдері Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Tarlan.kz саяси сараптама порталы.

Жазушылар, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар өздерінің жүрекжарды сөздерінде Қасым-Жомарт Кемелұлының қайраткерлік тұлғасын ғана емес, кісілік ерекшелегінің қыр-сыры туралы да айтты.

Айта кететін болсақ, 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш президенті Елбасы биліктен халыққа үндеу жасап кетіп, орнына уақытша президент болып келген Қасым-Жомарт Кемелұлы 9 сәуірде кезектен тыс сайлауды 9 маусымға белгілеген. 23 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы съезінде партия төрағасы Назарбаев Тоқаевтің кандидатурасын ұсынып, съезд делегаттары бірауыздан қолдаған. Қазірге дейін орталық сайлау комиссиясына президенттікке бес үміткер тіркелді.