Әділбек Жақсыбеков биліктен бизнеске кетті

Әділбек Жақсыбеков биліктен бизнеске кетті
Ⓒtarlan.kz

Tarlan.kz саяси сараптама порталы бір сағаттай уақыт бұрын ғана Президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі «Саясаттан біржола кете ме» деген сауал тастап, мақала жариялаған еді.

Онда, Президенттің былтыр 19 шілдеде Әділбек Ырыскелдіұлының өкілеттілігін 2022 жылға дейін ұзартқанын ескере отырып, Жақсыбеков биліктен басқа лауазымға ауысуы мүмкін екенін болжаған.

Сондай-ақ, «Тарлан» порталы Әділбек Жақсыбековтің ұлы Дәуреннің «Корпорация Цесна» АҚ-ның 36,75 пайыз акциясын иеленетінін, Форбстың елулігінде орны бар екенін де ескеріп, бизнеске баруы мүмкін екенін де тұспалдаған.

Көп өтпей Әділбек Жақсыбековтің «Цесна» корпорациясы» директорлар кеңесінің төрағасы болғаны туралы ақпарат тарады.

Жақсыбеков 1988-1995 жылдары «Цесна» көпсалалы корпорациясын басқарған еді. Сөйтіп, Жақсыбеков ширек ғасырдан кейін бизнеске қайта оралды.