Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды

Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды
Ⓒtarlan.kz

Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды, бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Президент Әкімшілігі жанынан Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды.
Мемлекет басшысы мұндай институт құру туралы 2020 жылдың 24 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
Орталыққа Президент Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Т.М.Сүлейменов басшылық етеді.
Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді.
Орталықтың негізгі міндеті – бейтарап сараптама әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.