Ақордада не болып жатыр?

Ақордада не болып жатыр?
Ⓒtarlan.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеу жасап, президент ретіндегі өкілеттілігін тоқтатты.

Уақытша президент міндетін ҚР Конституциясына сай Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады.

Елбасы президент қызметінен кеткенге дейін бірқатар ауыс-түйістер жасады.

Мемлекет басшысының Өкімімен Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы қызметінен босатылды. Оның орнына Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Президент Кеңсесінің бастығы міндетін уақытша атқаруға тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай Айдарханұлы Бисембаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметінен босатылды. Сондай-ақ, Ельасы жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары Ерлан Еркінұлы Баттақовқа Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы міндетін уақытша атқару жүктелді.

Назарбаев қызметтен кеткеніне қарамастан заңдарға сай  Тұңғыш Президент – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне ие. Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете береді. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесі.