Бүгін Президент Назарбаевтің жарлығымен бір аптадан бері бос тұрған лауазым Қаржы министрі тағайындалды. "Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", - делінген президент жарлығында.
Әлихан Асханұлы Смайлов 1972 жылы туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген.1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын тамамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.1993-1995 жылдары - «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы. 1996-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы.1998 жылғы наурыз бен сәуір аралығында - Қазақстан Республикасы Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор.1999-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Статиститка агенттігінің төрағасы.
2003 жылғы ақпан мен шілде аралығында - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі.2003-2006 жылдары - «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.
2007-2008 жылдары - «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті.2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.2009-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы.2014-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы. 2015 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.