Қазақстанда сәуір айында басталған #Abai175 Абай шығармаларын оқу эстафетасына әлемге танымал актер Джеки Чан қатысты. Актер эстафетаны досы, ҚР президенті кеңесшісі Ерлан Қариннен қабылдаған. Ол Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" өлеңін оқыды.
Аталған эстафета президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жалпыхалықтық сипат алған. Бұған дейін министрлер, әкімдер, парламент басшыларын қоса алғандағы мемлекеттік деңгейдегі Қырымбек Көшербаев, Иманғали Тасмағамбетов сияқты тұлғалардан тыс аталған эстафетаға Димаш Құдайбергенов, Игорь Крутой сияқты әртістер және көптеген жастар қатысқан болатын.
Ұлы Абайдың 175 жылдығына қарсы әлемдік трендке айналған челленджде бұған дейін қытайлық миллиардер Джек Ма да өлең оқыған.