Б. Бұқарбайдың Ұлттық кеңестен шығуы ештеңе білдірмейді

Б. Бұқарбайдың Ұлттық кеңестен  шығуы ештеңе білдірмейді
Ⓒtarlan.kz

Кеше баспагер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамында болған Бақытжан Бұқарбай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген «Бейбіт жиындар туралы» заң жобасын сынға алып, «халықтың мүддесіне қайшы әрекеттер мен пиғылдарды заңдастыруға араласқым келмейді» деп, ұлттық кеңестің мүшелігінен шығатыны туралы мәлімдеді.

Бақытжан Бұқарбай «былтыр кеңес құрылмай тұрғанда, оны қатты сынға алғандардың» бірі болған екен де, оның құрамына кіруге президент әкімшілігінен ұсыныс түскенде, «халқымыз отыз жыл күткен саяси реформалар жүзеге асып қалады-ау деген үмітпен», оның мүшесі болуға келісіпті.

Бақытжан Бұқарбай ұлттық кеңестің саяси реформалар жөніндегі жұмыс тобында болғанның және бірқатар заңдарға өзгерістер енгізуге бағытталған ұсыныстар дайындауға белсенді атсалысқаның айтты.

Алайда, осы мәселе бойынша ұлттық кеңестің мүшесі, белгілі адвокат Айман Омарованың пікірін білуге хабарласқан Tarlan.kz тілшісіне «Ол (Б. Бұқарбай – ред.) өзің-өзі белгілі бір саяси бастамаларды белсенді талап еткендей етіп көрсетіп бағуда. Шындығна келер болсақ, оның тарапынан ешқандай да әрекет болған емес», — деп жауап берді.

Айман Омарованың пікірінше Бұқарбайдың кеңес құрамынан шығу туралы мәлімдемесі ұлттық кеңестің жұмысына ешқандай әсерін тигізбейді, «Ол шықса, шыға берсін. Осылай кез келген адам жасай алады, ол үшін көп ақылдың керегі жоқ».

Бір қызығы, министр Абаевтың ведомствосы әзірлеген заң жобасы азаматтардың мүддесіне қайшы болып отыр, деп мәлімдеме жасағанға дейін, Бақытжан Бұқарбай үш күн бұрын министр Дәурен Абаевпен бірге суретке түскені белгілі, ол сурет дәл сол заң жобасы талқыланған жиыннан кейін түсірілген.

Бұл туралы Oyan, Qazaqstan азаматтық қозғалысының белсендісі Әсем Жәпішева өзінің Telegram-каналында «Бұқарбай селфи жасағаннан басқа не бітіріп жүр?»  деп жазған болатын.

Сондай ақ, кеше Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы сәуір айында өтетіні және оның дайындық жұмыстары басталғаны белгілі болды. Бұл туралы президент кеңесшісі, ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Жалпы бәрі де жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Осы және келесі аптада Мемлекет басшысының Ұлттық кеңес мүшелерімен кездесулері жоспарланған», — деп жазды Е. Қарин.

Автор — Нұрғали Нұртай