“ҚР Президентінің телерадиокешені” КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы – Берік Уәли сайланды
“ҚР Президентінің телерадиокешені” КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы – Берік Уәли сайланды
Берік Уәли 1977 жылы туған.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Журналистика» магистрі, Қазақ инноватсиялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын “Таң” телеарнасының ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастады, “НТК” телеарнасының шығарушы редакторы, “31-ші арнада” жауапты және бас редактор, “Хабар” агенттігінің ақпараттық бағдарламаларының редакторы-жүргізушісі, “Қазақстан” телеарнасының “1-студия” ток-шоуының жүргізушісі, “Нұр Медия”
ЖШС-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы медия орталығының жетекшісі болып жұмыс істеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, «Нұр Медия» ЖШС Байқаушылар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Инвеститсиялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Жамбыл облысы әкімдігі Ишкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін аттқарды.
2019 жылы наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.