Осыдан үш күн бұрын еліміздің бірқатар қалаларында наразылық акциялары өтті. Бұл қарсылық шерулер қала әкімшіліктерімен рұқсат етілмегендіктен, оларға қатысқан азаматтардың кейбіреулері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл наразылық акцияларының ұйымдастыру комитеті мен олардың арасында лидерлердің болмауы, бірқатар сарапшылардың тұжырымы бойынша, жиындардың мазмұнсыз өтуіне негіз болды. Сонымен қатар, олардың азаматтық қоғамның дамуына қосқан позитивті үлесінен гөрі, кері негативті әсері болған сияқты. Себебі сол қарсылық жиындары билік пен қоғамды қарсы қойды, ал ол, өз кезегінде әлеуметтік желілерде қоғамды бөлу риторикасына ұласты.
Осыған орай, Tarlan.kz белгілі саясаттанушылар Асқар Нұрша мен Марат Шибутовтың әлеуметтік желідегі митингтерге қатысты жазған пікірлерін жариялауды жөн деп тапты.
Асқар Нұрша:
Бүгінгі күні элита арасында саяси стильдің өзгеруіне сұраныс бар. Осы орайда, билікке қарсы бағытталған наразылықтар орынсыз. Неге десеңіз, элита ұғымы қоғамның қысымына көнбейді, сондықтан, ол өзінің әлсіздігін көрсетпеу мақсатында, әрқашан күштеу режиміне жүгініп отыратын болады. Нәтижесінде, билік өзінің қалыптастырып жатқан жаңа жағымды көрінісіне осы қадаммен балта шабады.
Заңды және бейбіт түрде өтетін наразылық шерулердің өзінде ешқандай қорқынышты нәрсе жоқ. Сонымен қатар, мемлекет пен қоғамның осындай митингтерді дұрыс қабылдауы қажет, алайда ол үшін конструктивті қарсылық мәдениеті мен оған деген билік тарапынан бейбіт түрдегі жауап беруі де тұрарлық деңгейде болуы абзал. Яғни, екі тарап та бір-біріне деген ашықтығын көрсетіп, шынайы диалогқа дайын екендерін білдіруі тиіс.
Саяси шынайылық өзгеруде. Билікке оны түсініп, қабылдауы үшін де уақыт керек. Наразылық білдірушілер өз арасында бірқалыптылар тобы (умеренные) және өздеріне саяси ұпайды жинайтын радикалдар тобы болып анықтала бастайтының түсіну керек. Бұл дегеніміз, екі жақтың мәмлеге келіп, проблеманы шешу үшін тек қана диалогтың қажет екендігін білдіреді. Ал жалпы билікке өкілетті органдардағы қоғамдық мүдделердің көптеп көрініс табуына қарай қимылдау керек.
Марат Шибутов:
Ұйымдастырушылық құрылымы әрі жұмыс жоспары жоқ митингтер құр дауырықпадан тұратын эмоцияны шашыратумен бітеді. Әрине, эмоцияны ішінде ұстау - кей кезде дұрыс емес, бірақ, бәрібір, ойланып барып қимылдаған дұрыс.
«АЭС салуға жол жоқ» десеңіздер, бізде ешкім АЭС салмайды және салатын жоспары да жоқ.
«Тоқаев менің президентім емес» десеңіз, кім сізге 9 маусымда сайлау учаскіне барып, кез келген 6 үміткердің біріне, яғни Тоқаевқа қарсы дауыс беруге кедергі?
«Әділ сайлау үшін» деп ұрандатсаңыз, онда тіптен дауысыңызды ұрлатпау мақсатында, сайлауға барып, дауыс беруіңіз керек. Немесе бақылаушы ретінде тіркеліп, өз учаскіңізде бәрін қадағалауға болады.
Иә, митингтің шындыққа қарсы эмоционалды құралы ретінде болуы орынды, бірақ саясатта басты нәрсе - конструктивті диалог құра отырып, шешімдерді таба білу. Менің жеке тәжірибем көрсеткендей, ультиматум тілін пайдаланған кезде, мемлекеттің диалогқа барғысы жоқ. Мұндайды жалпы ешкім жақсы көрмейді. Саясатқа араласқыңыз келсе, араласыңыз. Қазіргі кезде, көп уақытыңыз бен қуатыңызды талап етпейтін, қашықтықта қатысуға болатын формалар жеткілікті.
Дайындаған: Нұрғали Нұртай