Елбасы Назарбаев Жапон үкіметінің шақыруымен Токиоға барды

Елбасы Назарбаев Жапон үкіметінің шақыруымен Токиоға барды
Ⓒtarlan.kz

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Жапония үкіметінің шақыруымен Токиоға император Нарухитоның интонациясының ресми рәсіміне қатысу үшін келді. Ресми интонация рәсімі 22 қазанда Император сарайында болады. Сапар аясында Елбасы бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі басшысы Айдос Үкібай твиттерде жазды.

Айта кететін болсақ, бұл Назарбаевтың президент қызметінен кеткелі бері сапар жасап отырған төртінші мемлекеті. Ол бұған дейін Ресейге бірнеше рет және Қытайға сәуір айында бір рет барған. Ал, бір апта бұрын Түркі Кеңесі жиынына Бакуге барған болатын.