Бүгін Семейдегі №2 аудандық сот Мұхтар Жәкішевтің бостандыққа шығу туралы талабын қанағаттандырды.
Соттың 2020 жылдың 3 наурызындағы үкімі бойынша сотталушы Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылды. Сот үкімі 15 күнде заңды күшіне еніп, кері шағым түспеген жағдайда, 19 наурызда үкім заңды күшіне енеді.