Жалау Мыңбаев

Жалау Мыңбаев
Ⓒtarlan.kz

Жалау Мыңбайұлы қарапайым арбакеш кезметінен  Кеңес үкіметі кезінде Қазақстан Орталық атқару комитетінің төрағасы қызметіне дейін атқарған, қоғам және мемлекет қайраткері, публицист, журналист-тілші,  Қазақтың тұңғыш ұлттық драма театрын (бүгінгі М.Әуеов атындағы) құру туралы қаулыға қол қойған Алаштың бір туар азаматы.

1892 жыл – Сыртқы  Каспий облысы, Маңғыстау уезінің Келімберді болысының І Құнанорыс ауылында кедей-шаруа отбасында дүниеге келді.

1905 жыл – Уезд орталығы Форт-Александровск қаласында орыс-қазақ училищесіне оқуға түседі.

1906 жыл – әкесі Шолақов Мыңбай дүние салады.

1907 жыл – әжесі Ботагөз дүние салады.

1916 жылға дейін – Қатықбұлақ тұз кәсіпшілігінде  арбакеш болып қаражұмыс жасайды.

1916 жылы  Тұзшылар кәсіподағының төрағасы. Саяси көзқарасының қалыптасу кезеңі.

Қараша-Желтоқсан – Патша өкіметінің майдандағы қара қызметке уезден адам  алу науқанына қарсы бас көтерген елге басшылық жасайды.

1917 жыл. Ақпан – Уездің комиссар сайлауына тұзшылар одағы атағынан делегат болып қатысады. Уақытша өкімет органының азық-түлік бөлімі бастығының орынбасары, Маңғыстау уезі атынан Қоқан автономиясымен болған келісөзге делегацияны басқарып барады.

1918 жыл. Қаңтар – қалалық дума, әскери бөлім мүшесі.

Шілде – Қызыл рота шаруашылық бөлімі бастығы, уезді азық- түлікпен жабдықтау мақсатында Астрахан, Мәскеу, Самара, Саратов, Мақашқала, Грозный, Кизляр, Ташкент, Ашхабат, Красноводск қалаларына іс-сапармен барады.

Тамыз-қазан – уезді ашаршылықтан арашалау үшін Қызыл Арбаттан 10 вагон астық дайындатып, өлкелік азық-түлік басқармасынан 100000 сом алуға қол жеткізіп, оны фортқа жөнелтеді.

Желтоқсан – өлкедегі тұңғыш рет дүниеге келген «Бірлік» жастар ұйымына төраға болып сайланады.

1919 жыл. Наурыз-сәуір – М.Шоқайды Красноводск мен Ашхабад арқылы шетелге шығарып салады. Ағылшын интервенттерінің абақтасында 14 күн қамауда болады.

Мамыр-маусым – уездік атком мүшесі, оның азық-түлік бөлімі бастығының орынбасары, бастығы.

Шілде-қараша – фортқа келген атаман В.Толстовтың жазалаушы әскерінің далалық сотының үкімімен ату жазасына кесіліп, 67 күн абақтыда жатады.

1920 жыл. Қыркүйек-желтоқсан – уездік ревком мүшесі, ревком жанындағы коммуналдық- шаруашылық бөлімінің бастығы. Уезді Қазақстан құрамына енгізуге атсалысады.

1921 жыл. Қаңтар-тамыз – уездік ревком мүшесі ретінде әртүрлі бөлімдерге басшылық етеді.

Қыркүйек – уездік милиция бөлімінің бастығы, ревком төрағасының орынбасары.

1922 жыл. Қазан – Бүкілқазақстандық кеңестердің ІІІ съезіне делегат ретінде қатысып сөз сөйлейді.

Қазатком және БОАҚ мүшелігіне сайланды.

Қараша – Адай уездік ревкомы төрағасы болып сайланады.

1923 жыл. Наурыз – Қазақ өлкелік партия комитетінің ІІІ конференциясына делегат ретінде қатысады.

Сәуір – Қазаткомның ІІ сессиясына қатысып, Адай уезінің әлеуметтік-экономикалық және адай-жәуміт алауыздығын бейбіт жолмен шешу туралы мәселелерді қозғап, сөз сөйлейді.

Қазан – Коммунистік партия қатарына 1919 жылғы стажымен қайта қалпына келтіріледі. Адай- жәуміт арасындағы алауыздықты бейбіт жолмен түпкілікті жоюға басшылық жасайды.

1924 жыл. Қаңтар – Қазақстан кеңестерінің ІV съезіне қатысып, Адай уезіне Гурьев, Ақтөбе, Орал губерниясын жайылым және суы мол егіншілік жер бөліп беруді талап етіп сөз сөйлейді. Бүкілресейлік Кеңестердің ХІ съезіне қатысып, Адай уезіне Гурьев, Ақтөбе, Орал губерниясын жайылым және суы мол егіншілік жер бөліп беруді талап етіп сөз сөйлейді. Бүкілресейлік Кеңестердің ХІ съезіне және В.И.Ленинді жерлеу рәсіміне қатысады.

Ақпан – Орынбар қаласында өткен ауыл шаруашылығына жәрдемдесу және оны нығайту жөніндегі республикалық кеңесте қатысады.

Мамыр – Қазақ – өлкелік партия комитетінің IV конференция қатысады.

Маусым – Бүкіл қазақстандық тұтынушылар кооперациясының съезіне қатысады.

Қыркүйек – Орал губерниялық атқару комитетінің төрағасы орынбасары және Орта азия және Қазақстанның әкімшілік-террториялық жағынан межелеу жөніндегі айрықша коммисиясының мүшелігіне тағайындалады. Қазақ елінің ұлттық шекарасын айқындау төңірегіндегі айтыс- тартыстар мен пікірталастарға қатысады. Қазақ-түркімен және қазақ-өзбек шекараларын белгілеуге тікелей басшылық жасайды.

1925 жыл. Наурыз – Қайта құрылған біріккен Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы болып бекітіледі.

Сәуір – Қазақстан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланады. Өлкелік ауыл шаруашылығының жәрдемдесу комитетінің және Астана құрылысын салу жөніндегі комиссияның төрағасы қызметін қоса атқарады.

Мамыр – Бүкілқазақстандық «Сауатсыздықты жою» қоғамының І съезіне қатысып, сөз сөйледі.

Тамыз – ағарту қызметкерлерінің бас қосуына қатынасып, оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту төңірегінде сөз сөйледі. «Жаңа мектеп журналы» шыға бастады.

Кеңес құрылысы туралы бүкілқазақтық І құрылтайды өткізу жөніндегі коммисияның төрағасы болып сайланды.

Қыркүйек-қазан – Республикадағы тұңғыш ғылыми-зерттеу орталығы Қазатком атындағы санитарлық-бактериялық институтты құру туралы қаулыға қол қояды. Қазақстанның құрылғанына 5 жыл толу мерекесіне арналған салтанатты жиында баяндама жасайды. Кеңес құрылысы туралы Бүкілқазақтық І құрылтайда «Кеңестердің тарихи рөлі және кеңес құрылысының негзгі принциптері» атты тақырыпта баяндама жасайды.

Желтоқсан – Қазақ өлкелік партия комитетінің V конференциясында «Партияның ауылдағы міндеттері» атты тақырыпта баяндама жасады. Өлкелік партия комитетінің бюросына мүше болып сайланды. ВКП(б) Орталық комитетінің ХІV съезіне делегат болып қатысады. Қазақстандағы тұңғыш «кішігірім жариялау» актіге қол қояды.

1926 жыл. Қаңтар – Қазақтың тұңғыш ұлттық драма театрын (бүгінгі М.Әуеов атындағы) құру туралы қаулыға қол қояды.

Ақпан – Қазатком Төралқасының Республикасының Тұңғыш конституциясын қабылдауға байланысты өткен мәжілісінде сөз сөйледі.

Тұңғыш қоғамдық ұйым АВИАХИМ-ды құру туралы қаулыға қол қояды.

Наурыз – «Наурыз» мейрамын өткізу туралы қаулыға қол қояды.

Сәуір – Қызылорда қаласында өткен одақтас және автономиялы республикалардың экономикалық және қазба байлықтарын зерттеу жөніндегі КСРО ғылым академиясы өткізген кеңеске қатысады.

Шілде – Қазақ шаруаларының тұңғыш баспасөз үні «Ауыл тілі» газетін шығарып, оның редакторлық қызметін өзі атқарады.

Қазан – Қазақстанның құрылғанына 6 жыл толу құрметіне арналған салтанатты бас қосуда баяндама жасайды.

Қараша – Мәскеуде өткен ұлттық кеңеске қатысып, орталық және Ф.И.Голощекиннің Қазақстанда жүргізіліп отырған ұлыдержавалық саясатын сынып, сөз сөйледі. Қазақ өлкелік партия комитетенің бюросы мен бақылау комиссиясының біріккен пленумы Ж.Мыңбаевты, С.Сәдуақасов пен С.Қожановты қосақтап партия бағытына қарсы шыққан «жікшілер» мен «оппозиционерлер» деген айып тағып, қаулы қабылдады.

Желтоқсан – Қазақ өлкелік партия комитетінің Қазатком және Халком кеңесінің фракциясының мәжілісінде ұлттық кеңесте сөйлеген сөзіне орай , Ж.Мыңбаевты ұлтшылдыққа салынды, өлкелік комитет жүргізіп отырған сара бағытты мойындамай, жетістіктерді қасақана көрсеткісі келмей отыр деген айып тағып, қаулы алады.

1927 жыл, ақпан – Қазақстан мұғалімдерінің І съезінде сөз сөйледі.

Қазақстан кеңестерінің VI съезінде сөз сөйледі.

Қазақстан үкіметінің Түркісібтегі өкілетті өкілі болып тағайындалады.

Шілде – Адай уезінде өткен тұңғыш кеңестер сайлауын өткізу жөніндегі үкімет комиссиясының төрағасы болып бекітіледі.

Қыркүйек – Адай округтік кеңестерінің І съезіне қатысады. Округтік атқару комитеті төрағасы болып бекітіледі.

Қараша – Өлкелік партия комитетінің IV конференциясына делегат ретінде қатысады. Түріксіб теміржол құрылысы онтүстік учаскесінде өкілетті өкіл болып бекітіледі.

1928 жыл. Сәуір – Гурьев округтік атқару комитеті төрағалығына тағайындалады.

Қыркүйек-қазан – округттік тәркілеу комиссиясының төрағасы.

Қараша – Қазақстан колхозшылар І съезіне қатысады.

Желтоқсан – Қызылорда ауылшаруашылығы басқармасының қызметкері.

1929 жыл. Қаңтар – жалғыз ұлы Ескендір қайғылы қазаға ұшырады.

Сәуір – қазақ өлкелік «Союзхлеб» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары және «Қазгоссельсклад» кәсіпорны директорының орынбасары қызметіне тағайындалады.

Маусым – Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросы жеке партиялық мәселесін қарап, қатаң сөгіс беру жөнінде қаулы қабылдайды.

«Адай контреволюциялық ұйымының» басшысы деген жала жабылып, РКФСР қылмыстық кодексінің 58-2 бабы бойынша үстінен қылмыстық іс қозғалады.

Қыркүйек – Денсаулық жағдайының әбден нашарлауына байланысты дербес зейнеткерлік демалысына шығады.

Қараша – науқасының асқындап кетуінен 37 жасында Алматы қаласында дүние салады.

1930 жыл. Қазан – Мемлекеттік біріккен саяси бас басқарманың өкілетті өкілдігі (ПП ОГПУ) үштігінің қаулысы бойынша Ж.Мыңбайұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс тергеу кезінде қайтыс болуына байланысты тоқтатылады.