Tarlan.kz саяси сараптама порталы кезекті парламент сайлауының маңызы мен міндетін, ерекшелігін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Еркін пікірсайыс форматындағы дөңгелек үстелде карантиндық дағдарыс жағдайындағы парламент сайлауының сын-тегеуріндері, саяси партиялардың сайлауалды бағдарламалары және науқан процесі, электораттың белсенділігі талқыланды.
Дөңгелек үстелде "Қала мен дала" газетінің бас редакторы Думан Бықай сайлауалды үгіт-насихат науқаны жүріп жатқан парламент сайлауының саяси модернизациядағы маңызы турасында сөз сөйледі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биомедицина ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Президент резервіндегі жас кадр Әлібек Ыдырысұлы додға түскен партиялардың сайлау бәсекесіндегі білім мен ғылымға және ауылшаруашылығына көзқарасы жайында ой-пікірімен бөлісті.
Абай атындағы ҚазҰПУ, PhD, "география, туризм және экология" кафедрасының" аға оқытушысы, эколог Айнұр Сейлхан саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларындағы экология мәселесіне көңіл бөлулер, ескерілмеген мәселелер турасында ой өрбітіп, нақты шаралар қажет екенін атап өтті.
Сарапшылар қазіргі қоғамдық-саяси сахнада болып жатқан оқиғалар және олардың қазіргі жастардың саяси мәдениеті турасында талқылау жасады. Сонымен қатар медиа менен оның бүгінгі күнгі белсенді аудиториямен (әсіресе, қазақ тілді) қаншалықты компетентті кері байланыс орнатып жатқандығы да бойынша қызуқанды дебат болды.