Кәлетаев жаңа қызметке тағайындалды

Кәлетаев жаңа қызметке тағайындалды
Ⓒtarlan.kz

ҚР президентінің жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Ол 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылған еді. 
Дархан Кәлетаев 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша тәмамдап, Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебінде мемлекеттік басқару менеджері мамандығын игерген.

Еңбек жолын 1995 жылы тілдер комитетінің маманы ретінде бастады.

2001-2002 жылдары мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, кейін ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2002 жылдан бастап Қазақстан президенті әкімшілігінің сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісі, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2007-2008 жылдары - ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.

2008-2009 жылдары – "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

2009-2016 жылдары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

2019 жылы 1 наурызда Қазақстанның үкімет кеңсесінің басшысы лауазымына келген ол, бір ай толмай 25 наурызда Президент Әкімшілігіне ауысқан еді.