Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Президенттік жастар кадр резервіне өткен азаматтармен кездесу өткізіп жатыр

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Президенттік жастар кадр резервіне өткен азаматтармен кездесу өткізіп жатыр
Ⓒtarlan.kz

Бүгін Ақорда резиденциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғаларды қабылдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметке кірісер алдындағы ұлықтау рәсімінде елімізді дамытуда жастардың потенциалының ерекше екенін айтып, «Президенттік жастар кадрлық резервін» жасақтау мәселесін алғаш көтерген болатын.

27 тамыз Президенттік жастар кадр резервін жасақтау туралы президент жарлығы шығып, ұлттық комиссия құрылды.

Байқау жарияланған кезде 13 мыңнан астам адам өтінім берген. 7312 адам толық тіркеліп, солардың арасынан 300 жас суырылып шықты.

Қазақстандағы персоналды басқаруда ХХІ ғасыр көшбасшыларына қойылатын негізгі талап - «белгісіздік жағдайында басқара білу». Президенттік жас кадрлар резерві жаңа идеяларды ұсынуға қабілетті, қалыптасқан жағдайды жаңа көзқараспен бағалай білетін жас жетекшілер пулын кеңейте отырып, жылдам шешім қабылдауға және жұмыс жағдайына тез бейімделе алатын көшбасшылар таңдауды мақсат еткен.

Президенттің жас басқарушылар резервін құрудан күтілетін нәтиже мемлекеттік міндеттерді шешуге жаңа жас менеджерлердің әлеуетін пайдаланып, мемлекеттік аппарат жұмысын сапалы түрде жаңа деңгейге көтеру.