Мемлекет басшысы Үкіметте де бірқатар ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Үкіметте де бірқатар ауыс-түйіс жасады
Ⓒtarlan.kz

Президенттің жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметінен босатылды.

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол қызметті атқарған Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалды.