"Мемлекеттік және мемлекетшілдік" туралы бірер ой

"Мемлекеттік және мемлекетшілдік" туралы бірер ой
Ⓒtarlan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, саяси және қоғам қайраткері, саясаттанушы, ғалым Ерлан Қариннің «Жас Алаш» гезетінде
2019 жылғы 15 қазанда шыққан «МЕМЛЕКЕТТІЛІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТШІЛДІК» атты мақаласында мемлекеттігімізді сақтай отырып, елімізді болашаққа жетелейтін бағыттар мен қағидалар анықталды.

Мақаланың жарыққа шығуы қоғам арасында қызу пікірталас туғыза отырып, еліміздің қоғамдық-саяси даму аспектілеріне қатысты көптеген көзі ашық азаматтарды ойландырғаны рас.

Сондықтан, аталған мақала аясында елміздің одан әрі дамуына қатысты өзімнің азаматтық ұстанымдарыммен бөлісуді жөн көрдім.

Шын мәнінде еліміз көне заманнан бастап мемлекет, ұлт болу жолында күресіп келеді. Тарихымызға көз салсақ қандай тарихи кезеңде болсақта осы бойымыздағы бірігуге ұмтылыс үзілмей жалғасып келеді. Оны аңғару үшін сақтардың, ғұн, түркі, Шыңғысхан империяларының, Алтын Орданың, Қазақ хандығының және Алаш Орданың тарыхын зерттесек жеткілікті. Бұл ұмтылыс халқымыздың отанға деген сүйіспеншілігінен шығар. Ал отанды сүю өркениетті адамға тән қасиет.

Сондықтан, тарихты білу және оны құрметтеу отан сүйгіш ұрпақтың негізі. Отан сүйгіш ел ғана мемлекетті дамытып, күшейтеді. Жалпы тарихты білген адам осы күнді түсініп, болашақтың пішінін көре алады. Осыған орай, еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында тарихымызды зерттеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Сонымен қатар,
Қ. Тоқаев осы жылдың тамыз айында Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту және оның негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтау мәселесін көтерді. Бұны сол саясаттың жалғасы деп білемін.

Қазіргі неғұрлым бейімделгендердің тірлік ету заманында Қазақстан дұрыс сыртқы саясат жүргізуде. Ол еліміздің көпвекторлық сыртқы саясаты, яғни барлық елдермен, оның ішінде ірі державалармен достық қарым-қатынас құруы. Сонымен қатар, екі оттың ортасында қалмау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше болуы.

Осыған байланысты, геосаясаттың әртүрлі бағыт-бағдарын етене зерттеу өте маңызды мәселе. Ол қазіргі мықты деген елдердің құралы. Мысал ретінде негізін американдық саясаттанушы Джордж Фридманқалаған Strategic Forecasting Inc. атты американдық жеке барлаушы-аналитикалық компаниясын келтіруге болады.

Аталған компания әлемдегі оқиғалар туралы ақпарттарды жинайды және талдайды. Оларға ақпарат БАҚ-нан және басқа да ашық дереккөздерден, сондай-ақ өзінің дереккөздерінен түседі. Талдаушылар жинақтаған мәліметтердің негізінде экономикалық және геосаяси болжамдар жасалады. Бұл мемлекеттің халықаралық аренада дұрыс саясат жүргізуіне және елдің ішкі ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Қазақстан алып көршілермен бәсекеде санмен емес, тек сапамен ғана бәс таласа алады деген оймен толық келісемін. Мысалы, американың Apple компаниясының бренді 2016 жылы 228,440 млрд. АҚШ долларына бағаланған, ал ол болса көптеген мемлекеттер брендінен де қымбат. Сонда адам ақыл арқылы жеке мемлекеттің құнынанасып түсетін құндылық жасай алады. Егер мемлекетте мұндай экономикалық мүмкіндіктер болса, ол өзінің қауіпсіздік және даму бойынша мүдделерін әлемдік аренада жылжыту мүмкіндігіне иеленеді.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген
білім – адамзаттың қас жауы, ал келешекте оның өміріне қауіп әкеледі», - деп бабамыз Әбунасыр Әл-Фрарби айтпақшы, елдігімізді сақтап, оны күшейтетін – әрі отан сүйгіш әрі білімді ұрпақ.

«Өзгеріс желі соққанда қабырға тұрғызба, желкен көтер» демекші қазіргі уақытта Қазақстанның Қытай Халық Республикасының «Бір белдеу және бір жол» атты ірі транспорттық-логистикалық жобасына қатынасуы өте орынды. Осы бағытта жұмыстыжалғасыру қажет. Қазіргі уақытта бүкіл әлем халқының саны, оның ішінде Қытай халқының саны күрт өсіп келе жатқаны мәлім. Дегенмен де, екі мемлекеттің арасындағы тарихи-мәдени кейбір мәселелерді ескере отырып, ұлттық қауіпсіздік аспектілерін де ұмытпаған жөн.

Осыған орай, Қазақстанның қазіргі жағдайында (үлкен территория, халық саны аз) территорияныдамыту және игеру үшін дамыған агроөнеркәсіптік кешен қалыптастыру қажет, ол болашақта ел экономикасының локомотивіне айналу керек.

Менің айтайын дегенім, Италиядағы жүзім плантациялары және Нидерланд еліндегі жылыжай шаруашылықтары көпшілікке мәлім, олар өте үлкен территорияларды алып жатыр. Бұл ретте, онда замануи технологияларды енгізу арқылы адамның қатысуы ықшамдалғанын атап өткен жөн.

Неге Қазақстанға да өзінің өте үлкен потенциалын осы бағытта жүзеге асырмасқа, яғни ауыл шаруашылығында. Сонымен қатар, оның айналасында машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі, логистика және т.б. салалар дамитын болады.

Жапон елінің экономикасын қарастырсақ, оның ең үлкен бөлігі «Тойота Моторс», «Мацусита Электрик», «Сони корпорейшн», «Хонда Моторс», «Тошиба», «Фудзицу» сияқты ірі корпорациялардың есебінен қалыптасқанын көре аламыз.

Осыған орай, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені халықтың жұмыспен қамтылу, тұрақты даму және табыстық теңдік мәселелерін шешетін, осы жапондық модель бойынша дамыту қажет деп ойлаймын.

Бұл мәселені жүзеге асыруда мемлекеттікинвестицияны, білімді, ғылымды, тиімді менеджментті, отандық мамандарды ұштастыру қажет.

Сонымен қатар, елдігімізді күшейтуде демография мәселесі маңызды рөлге ие. Сондықтан, саны шамамен 5-7 млн. болатын шет елдерде жүрген қандастарымыздың Қазақстанға келуіне жол жасау үлкен мәселе екенін атап өту қажет.

Елімізді үлкен экономиканың иесіне айналдыру және шет елдердегі қандастарымызды елімізге қайтару мәселелері бірін-бірі толықтырып жүзеге асатын дүние.

Еліміздің әр азаматының мемлекеттік мүддені бәрінен жоғары қою мәселесінің маңыздылығы өте зор. Мысалы, ғұн, түркі және Шыңғысхан империяларының, Алтын Орданың ыдырау себептеріне көз салсақ, бәрінен бір заңдылық байқауға болады өзара соғыстар. Өзара соғыстар себебінің негізінде орнықсыз саяси жүйе жатыр.

Осы орайда, елімізде қазіргі уақытта болып жатқан саяси оң өзгерістердің маңызы зор. Тек қана мемлекеттік билік пен халық арасында құрылымдық сұхбат орнату арқылы орнықты саяси жүйеге қол жеткізуге болады. Қазіргі таңда жұмысын атқарып жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі әрекет етуші парламент құру жолында рөлі зор.

Сондай-ақ, мемлекеттің дамып, өркендеуінің алғы шарттарының бірі – әділ қоғам. Әділ қоғам ғаналайықты тұлғаларды, яғни елдің дамуына оң серпін беретін қабілетті адамдарды көтермелей алады.

Әділ қоғамға жету үшін әрқайсымыз өз бойымызда көркем мінезділікті (болашаққа сене қарау, жұмсақтық, жомарттық, ар-намысты құрметтеу, сөзінде тұру, сабырлылық, әділдік, шыншылдық, ақ ниеттілік, мейірімділік) дамытуымыз қажет.

Мәңгілік Елдікке жету адамның білімге немесе өнерге жетуі тәріздес. Оған жетіп қоя салуға болмайды, оны әр уақытта сақтап, жетілдіріп отыру қажет. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Мәңгілік Ел болу жолында елімізге қысқамерзімді келешекте орнықты саяси жүйе негізінде күшті экономика, әділ қоғам, жоғары деңгейлі білім беру жүйесін құру, демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту мәселелерін ұштастыра отырып, жүзеге асыру болып табылады.

Мемлекеттің егемендігі мен жастардың болашағы синоним ұғым, өйткені мемлекеттің болашағы бүгінгі жеткіншек ұрпақтың санасына байланысты. Сондықтан осындай терең жан жақты пікір алмасу материалдары көп болса деймін.

Бақытжан

Е.Бақытжан