Мемлекеттік хатшы Сағынтаевтың саясаты

Мемлекеттік хатшы Сағынтаевтың саясаты
Ⓒtarlan.kz

Шының айту керек. Соңғы 5 жылда мемлекеттік хатшы деген қызмет бар екенің, оны кім атқаратының ұмытып қалдық.

Құдды бір ондай лауазым табиғатта жоқ секілді болып көріне бастады. Сарапшылардың өздері «Біздің мемлекеттік хатшы деген не ол? Елбасының қолы бос емес кезде, оның орнына елшілерден сенім грамоталарын қабылдайтын хатшысы ғана ғой» - деп, айтып жүрсе ахуал түсінікті шығар.
Бүгін бұл қызметке экс-перьер Б.Сағынтаев тағайындалды. Сағынтаев жоғарыда айтпақшы «жәй Елбасының хатшысы» болмайтының бірден нақты айтуға болады. Азаматтық қоғамның өкілдерімен байланыс орната білетін Сағынтаев өзінің мол практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекет басшысына әлеуметтік саясатта, iшкi саясаттағы мәселер бойынша қажетті ұсыныстар дайындап, бұл қызметтің қадірін қайтарып, ықпалын күшейту арқылы, қордаланып кележатқан кейбір проблемаларды шешетін үшінші орталыққа айналдыратындығы күмән туғызбайды. Бақытжан Сағынтаев соңғы 10 жылда саяси билікте өзіңін лайықты орнын тауып кележатқан маңызды саяси фигура айналды. Бақытжан Әбдірұлы мемлекеттік хатшы ретіндегі ендігі жұмысын үкімет басшысы қызметін атқарған темппен жалғастырып, саяси конфигурацияның тиімділігін арттырмақ.