Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша магистратура және докторантура бағдарламаларымен әлемнің үздік жоғары оқу орындарында оқуы үшін 188 жас қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған. Бағдарлама мақсаты - елдің экономикасының басым секторлары үшін кадрларды және мамандарды даярлау. Бағдарлама жоғары оқу орындарының ғылыми дәрежесін алуды, сонымен қатар әлемнің жетекші компанияларында және университеттерінде ғылыми және туынды тағылымдамалардан өтуді қосады.
Степендия иегерлері тізімі салалық министрліктің сайтында жарияланды.