Tarlan.kz редакциясы республика көлемінде батырлар жырын жатқа айтудан өтіп жатқан «тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасын қолдау мақсатында эстафета жүріп жатқаны туралы жазған еді.
Бүгін осы эстафета "Қазақстан" РТРК төрағасы Ерлан Қариннен алған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ары қарай жалғады.
"Ата-бабамыздан бері бізге мирас болып келе жатқан батырлар жыры ұлтымыздың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын әспеттейді. Батырлар жырын жатқа айтудан өтіп жатқан «Тұлпар мініп, ту алған» Ұлттық жобасын қолдау мақсатында Ерлан Қарин мырза маған эстафета жолдап, «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқуға шақырған болатын. Бұл эстафетаны қазақ тілін керемет меңгерген, Парламент Мәжілісінің депутаты Генадий Шиповских мырзаға жолдаймын.", - деді Абаев өзінің видео мәлімдемесінде.