Назарбаевтың орынбасарсыз келе жатқанына 22 жыл толды

Назарбаевтың орынбасарсыз келе жатқанына 22 жыл толды
Ⓒtarlan.kz

Ерік Мағзұмұлы Асанбаев — қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат, экономика  ғылымдарының  докторы, професор. Ерік Мағзұмұлы — бүгінгі қазақ тарихында тұғыры биік тұлға. Оның өмірлік жолы, саяси мұрасы  әр адамға үлгі боларлықтай. Еңбек жолын сонау 60-шы жылдары Қазақ КСР қаржы министрлігінде қарапайым  қызметтен бастаған ол өзінің білімі мен еңбекқорлығының арқасында үлкен, жауапты қызметтерге қол жеткізді.

Айта кетсек, Қазақ КСР қаржы министрінің Орынбасары, Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясының Орталық комитет хатшысы және ОК-де бірқатар бөлімдерінде қаржы, сауда, ғылым және білім мекемелері, экономика бөлімі меңгерушісі қызметтерін  атқарды. Кеңестік кезеңде жинақталған осындай қызмет пен тәжирбие жинағы еңселі еліміз егемендік алғанда Ерік Мағзұмұлын жас мемлекеттің хас саясаткеріне айналдырды.

1991 жылы жалпы халықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып, ал Ерік Мағзұмұлы Асанбаев тұңғыш және соңғы  вице-президент болып сайланады.  Асанбаев бұл қызметті 1996 жылға дейін атқарып келді. Вице-президент лауазымында Ерік Мағзұмұлы еліміздің қалыптасу кезеңінде аянбай қызмет етті.

Оның  осы қызметте Қазақстанның егемен ел болып қалыптасуы мен даму стратегисы атты бағдарламада басшылық етуі жас мемлекеттің елдігін нығайтудағы бірден бір қадам еді. Ерік Мағзұмұлы өз сөзінде бұл бағдарлама жайлы «Свидетели» журналының тілшісіне берген сұхбатында «Біз егеменмедік алдық, өзіндік даму жолын таңдадық, алайда, өткеннен сабақ алып, болашақты айқындау үшін біз өз құндылықтарымызды саралап, алға қойған мақсаттарымызға жету үшін дұрыс бағыт-бағдар анықтау қажет болды.

Перзиденттің шешімімен күрделі проблемаларды анықтау процестері  кезеңінде орын алған зерттеулер мен ұсыныстар үлкен, ауқымды да маңызды құжатқа айналды. Бұл программалы құжат тек ішкі сұранысты қамтамасыз етіп қоймай, әлем алдында еліміздің позитивті имиджін қалыптастырды. Осы тұрғыдан мен бұл құжатта анықталған бағыт бағдарларға бүгінгі уақыт өткелінен оң бағамды берер едім» деп жауап берген екен. Сонымен қатар, Ерік Мағзұмұлы 1990-шы жылдардардың басындағы кадрлық тапшылық кезеңінде де мемлекеттік қызметкерлер қатарын жас және озат ойлы азаматтармен толықтыра білді.

Еліміздің қазіргі бір қатар қайраткерлері кезінде Асанбаетың қоластында істеп, оның мектебінен өткен.  Солардың бірі белгілі мемлекет қайраткері, дипломат, интеллектуал Төлеген Тілекұлы Жүкеев Ерік Мағзұмұлы жайлы, оның білімділігін сөз еткенде «Асанбаев — ерекше тұлға. Егер ол Америкада өмір сүргенде Колумбия немесе Чикаго университеттерінің профессоры болар еді. Тіпті, Нобель сыйлығының иегері болатын еді» дейді. Бүгін 22 ақпан күні Қазақстан Республикасының вице-президент лауазымы қызметінің жойылуына 22 жыл толды. Бұл қызметті атқарған Ерік Мағзұмұлы Асанбаев тарихқа тұңғыш және соңғы вице-президент болып енді. Қызмет те ерекше, қызметті атқарған адам да ерекше.

Абылай СӘРСЕНБАЕВ