Нұр-Сұлтанда «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің» екінші жиыны басталды

Нұр-Сұлтанда «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің» екінші жиыны басталды
Ⓒtarlan.kz

Қазақстандағы қоғамдық диалогты қалыптастыру мақсатында президент Тоқаев өзі бастама болып құрған «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі» мүшелері екінші отырысқа жиналды.

Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы 6 қыркүйекте астанадағы Тәуелсіздік сарйында өткен. Онда президент,  Ұлттық кеңес төрағасы Тоқаев 2 сағат бойы әртүрлі ұйымдар мен саяси күштер өкілдерінің ұсынысы мен проблемалық тұжырымдарын тыңдап, тиісінше қажетті құжат қабылдап, парламенттік деңгейде жұмыс жүргізуді тапсырған болатын. Бүгін сол жұмыстар бойынша қорытынды жасалып, атқарылған жұмыстарға баға беріледі, әрі алдағы жұмыстар айқындалады.

Алғашқы жиыннан бері Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес төрағасы ретінде кеңес мүшелерін жекелей жиі қабылдаулар өткізді. Осы қабылдаулар туралы кеңес хатшысы, президент кеңесшісі Ерлан Қарин ашық ақпарат жариялап келеді.

Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы жиналысынан кейін 25 күн өткенде 1 қазанда Ақордада Ұлттық кеңестің мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстарды қарастыру Жоспары аясында алғашқы жұмыс жиналысы өткен болатын.