Бүгін Ақорда сайтында президенттің келесі 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялаған жарлығы шықты.
Президент Тоқаев Волонтерлерге назар аудару туралы алғаш рет мамыр айында Қостанай облысына сапарында Қазақстан мен Ресейдің волонтер жастары мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Волонтерлік – жастардың әлеуметтік лифті» атты Қазақстан-Ресей жастар форумында сөйлеген болатын.
Онда «Мен Біріккен Ұлттар Ұйымында қызметте болғанда халықаралық волонтерлерді қолдаған едім. Мен сіздердің «2020 жылды Волонтерлік қозғалыс жылы болсын» деген түйінді, тұжырымды ұсыныстарыңызды қолдаймын! – деген еді Қасым-Жомарт Кемелұлы.