Президент бейбіт жиналыстар туралы заңға өзгерісті бекітті

Президент бейбіт жиналыстар туралы заңға өзгерісті бекітті
Ⓒtarlan.kz

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Айта кетсек, бұл Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2019 жылы 20 желтоқсандағы 2 отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық жасаған саяси реформалар топтамасындағы бірінші заң.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бірінші президенттік бірінші жолдауында саяси жаңғырусыз экономикалық реформларды жүзеге асыру мүмкін еместігін нақты мәлімдеп, митинг туралы заңнамалы жетілдіру қажеттігін атап өткен болатын.

ҚР Президентінің кеңесшісі, Ұлттық Кеңес хатшысы Ерлан Қарин өткен аптада заң жобасының қабылдануға дейінгі процесін Telegram парақшасында жариялаған еді. Оның атап өтуінше, қаңтар айының соңында заң жобасы қоғамның кеңінен талқылауына шығарылды. Дәл осы заң жобасындай бұған дейін бірде-бір құжат кеңінен әрі белсенді талқыға түскен емес. Тек ақпан айының өзінде түрлі алаңдарда 20-дан астам түрлі пікірталас болды. 10 наурызда заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. ҚР Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде құжатты қарау барысында құқық қорғаушылардың, сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің, оның ішінде Ұлттық кеңес мүшелерінің қатысуымен жұмыс тобының 14 отырысы өтті.