Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қарағанды облысына сапары аясында ұлтымыздың алтын бесігі және тағылымды тарихымыздың куәсі – Ұлытауға келді. Онда президент "Ұлытау - 2019" халықаралық туристік форумында сөз сөйледі.
Бұл киелі мекенде бабаларымыз ұлттың келешегін ойлап, бірліктің туын желбіреткен. Қалың ел үш жүздің басын қосқан Ұлытауда ел билеген хандарды ақ киізге көтеріп, таққа отырғызған. Сондықтан біз Ұлытау жеріне хан ордасы, қазақ жерінің кіндігі деп, ерекше құрметпен қараймыз, – деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ жерінде 8 ғасыр бұрын құрылған алып империя Алтын Орданың мерейтойын атап өтіп, негізін қалаушы һәм қазақ хандарының атасы Жошы ханның есімін ұлықтауға бастама көтерді.
Қ.Тоқаев: Ұлытау – ұлтымыздың алтын бесігі, тағылымды тарихымыздың куәсі. Қалың қауым осы киелі өлкеде ел билеген хандарды ақ киізге көтеріп, таққа отырғызған. Сондықтан біз Ұлытау жеріне хан ордасы, қазақ жерінің кіндігі деп, ерекше құрметпен қараймыз!
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) August 24, 2019
Мемлекет басшысы: Бір-бірін дауға қиса да, жауға қимаған халқымыз береке-бірлікті бәрінен жоғары қойған. Бабалардан қалған салт-дәстүрлерді бүгінгі ұрпақ лайықты жалғастыруы тиіс.
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) August 24, 2019
Президент: «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай қорығы ел игілігіне айналды. Ұлытау ауданының орталығында Қазақ хандарының аллеясы бой көтерді. Енді еліміздің осындай баға жетпес бай мұрасын өзге жұртқа танытудың жаңаша жолдарын ойластыруымыз керек.
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) August 24, 2019
Қ.Тоқаев: Ұлы ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді. Ата-бабалардың аманатына адал болу – бізге сын.
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) August 24, 2019
Мемлекет басшысы: Біз Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет.
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) August 24, 2019
Қ.Тоқаев: Қазіргі отандық туризм индустриясы – кенже қалып келе жатқан сала. Жыл сайын қыруар қаражат салсақ та, бұл сала толыққанды дамымай отыр. Туризм саласының қазіргі ахуалын түбегейлі өзгертетін уақыт келді. Бұл жұмыстарды Ұлытаудай қасиетті жерлерден бастауымыз қажет.

Қ.Тоқаев: Ұлытау аймағы міндетті түрде Қазақстанның туристер тарту картасының алдыңғы қатарында болуы тиіс. Бұрын жобаланған «Ұлытау» ұлттық табиғи паркін құру мәселесін жүзеге асыру керек. Биыл мұнда туристер үшін арнайы орталық ашылуы тиіс.
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) August 24, 2019
Мемлекет басшысы: ... Бұл бастамалар халқымыздың ұлттық бірегейлігін нығайта түсуге оң ықпал етеді деп сенемін. Ұлытаудың тарихы мен тағылымын жастар тәрбиесі мен отаншылдықты, ішкі туризмді дамытуға пайдалану керек.
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) August 24, 2019