Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің жаңа графикасы туралы олқылықтарды түзеу мәселесін көтеріп, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға жаңа әліпбиді жетілдіруге қатысты тапсырма берді.
Айта кететін болсақ, президент қыркүйектегі Қазақстан халқына алғашқы жолдауында қазақ тілінің мәртбесін өсіру қажеттігін атап өткен болатын.
Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) October 21, 2019
"Қазақ тілінің мәртебесі мемлекеттік тіл ретінде күшейіп келеді. Ол ұлтаралық қатынас тілі болатын кезең келіп жетті. Алайда ол үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз керек", - деген еді президент.
Бұған дейін де президент Тоқаев Сенат төрағасы қызметінде «латын графикасына көшу» туралы бірнеше рет твиттерде пікірін білдірген.
Ұлттық комиссия қазақ тілі латын әліпбиі бойынша нақты шешімге келген жоқ, сондықтан "апостроф" әліпбиін газеттерде я басқа жерлерде пайданалуға әлі ерте.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) December 18, 2017
Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) November 5, 2017
2018 жылғы 19 ақпанда Елбасы қазақ тілінің жаңа әліпбиі туралы Жарлығына қол қойды. Бұл тарихи маңызға ие оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! pic.twitter.com/0cM6N3hwnM
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) February 20, 2018