Қазақтың ұмытылған, ұмытылмайтын қаһармандары

Қазақтың ұмытылған, ұмытылмайтын қаһармандары
Ⓒtarlan.kz

***

Совет одағының батыры атағын ала алмаған 118 қазақ

 

6 мамырда Тарихшы, ғалым «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлының құрастыруында «Ұмытылған қаһармандар» атты еңбек жарық көрді. «Nur Otan» партиясы қолдауымен жарыққа шыққан еңбектің тұсаукесеріне партия төрағасынан бастап, соғыс ардагерлері, генаралдар, II Дүниежүзілік соғыс қаһармандарының ұрпақтары келді. Аталған еңбектің ұрпаққа артар аманаты не? Кітап авторы соғыста лайықты бағасын ала алмаған бабалар есімін, аңызға толы ерліктері мен жанкешті батырлық дастандарын ұрпақтар ұмытпаса,  есімдері туған жерлерінде көшелерге, мектептерге берілсе, жанқияр қайсарлықтары кинофильмдерге арқау болса дейді...

Кітаптан үзінділер ұсынамыз:

***

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең алапат һәм ең қантөгістісі болды. Өткен жылдар мен онжылдықтар соғыс зардабының қиыншылықтарын ешкім ұмытпақ емес.

Совет одағы үшін «Ұлы Отан соғысы» деп аталған зұлмат соғысқа Қазақ Республикасынан 1 366 164 кісі қатысса, олардың жартысына жуығы – 602 928 – ұрыс алаңдарынан қайтып оралмай, мәңгілік жас күйінде қалды. Түрлі дереккөздер бойынша 1941-1945 соғыс жылдары қазақтардан 130 мыңнан астам адам қаза тапты[1]. Қазақтар барлық қаза тапқан кеңестік әскерилердің 1,5%-ын құрады.     

Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысы болмаған отбасыны табу қиын. Соғыс елдің бейбіт өмірін бұзып, адамдарды өз ережелері бойынша өмір сүруге мәжбүрлеп, тарихтың беталысын және миллиондаған адамдардың тағдырын түбегейлі өзгертті.

Ата-бабаларымыз батылдық пен ерлік көрсетіп, жауға қаймықпай қарсы шығып Ұлы Жеңіске қол жеткізді. Шеті мен шегі көрінбейтін майданның әр түкпірінде командирлер марапат қағаздарына жүгіне отырып, сарбаздардың ерліктері туралы жазды. Шайқастардың арасында отыра қалып асығыс жазылған әрбір жолда, шындықтың даусы естіледі. Өйткені сол жерде, алдыңғы шепте өлім үнемі серік болған кезде, өтірікке ешқандай орын жоқ. Алайда, өкінішке орай, барлық құнды құжаттар бүгінгі күнге дейін жетпеді.

Соғыстан қайтқандар түні бойы айқайлап, түстерінде фашистермен шайқасты жалғастырды, өйткені жарты ғасыр өтсе де соғыс кезінде алынған контузия білінеді. Бірақ, біз Ұлы Жеңістің немерелері мен шөберелеріміз, бізді соғыс балалары тәрбиеледі. Соғыс балалары жарақаттарымен қайтып келген әкелерді көрді, Олар өздерінің ұлы, күйеуі, әкелері майданнан оралмаған әйелдердің жылаған дауысын естіді. Олар жеңіске деген, әкелерінің ерлігі үшін мақтаныш сезімін бізге жеткізді.

Ондаған жылдар өтсе де, біз олардың ерліктеріне таң қалуды тоқтатпадық, ұрыс алаңдарынан қайтпағандардың қайтыс болуына өкінішіміз басылмады.

Соғыс жылдарында біздің 497 отандастарымыз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды деп есептелді. Егер ұлты бойынша жіктесеңіз, олардың 280-і орыс, 96-ы қазақ, 86-ы украин, 45-і басқа ұлт өкілдері. 113 қазақстандық Даңқ орденінің үш дәрежелі толық иегері атанды[2]. Бірақ соңғы зерттеулер көрсеткендей, жаңартылған мәліметтерге сәйкес, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жасаған ерліктері үшін 103 қазақ - Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған[3].

1990 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың  ұсынысы бойынша, Кеңес Одағының Батыры атағы қайтыс болғаннан кейін аты аңызға айналған атақты қазақ қолбасшысы Бауыржан Момышұлына берілді. Сонымен қатар, Кеңес Одағының Екі Батыры Сабыр Рахымов пен Расул Исетов ұлты бойынша қазақтар, бірақ кезінде ұлттары өзбек болып жазылған.

Сонымен қатар, 2007 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің (қазіргі РФ ҚМОА) Орталық мұрағатының құжаттарынан «Жоғарғы құпия» грифы алынып тасталғаннан кейін көптеген шындық ашылып, арнайы Интернет-жобалар сайттарында орналастырылды. Ұрпақтары марапаттау қағаздарын көріп, аталарының, әкелерінің батырлық ерліктері туралы біле алды. Өзге нәрселермен қатар, Кеңес Одағының Батыры атағына ерлігі үшін ұсынылып, бірақ белгісіз себептермен басқа марапаттау түрлерін алғандардың көбі анықталды.

Осы жоғары атаққа ерліктерімен лайықты болып, бірақ Кеңес кезеңінде оны алмаған кейбір батырлар тәуелсіз Қазақстанда «Халық қаһарманы» атағына ие болды. Атап айтқанда, Сағадат Нұрмағамбетов (1994 ж.), Қасым Қайсенов (1995 ж.), Бақтыораз Бейсекбаев (1998 ж.), Рахымжан Қошқарбаев (1999 ж.), Хиуаз Доспанова (2004 ж.). Бақтыораз Бейсекбаевке Ресейдің батыры атағы берілді («Капитан Масловтың экипажы»). Осыған қарамастан, қаhарман атағына лайық адамдар әлі де көп, олар өз уақытын күтуде деп ойлаймыз.

Өкінішке орай, көпшілік жауынгерлерге қаhарман атағы қайтыс болған соң берілді. Ресей, Белоруссия, Украина және бүкіл Еуропа елдерінде миллиондаған белгісіз және аты сақталмаған жас батырлар мәңгілікке қалды! Соғыс алаңдарында іздестіру жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда, олар бүгінгі күнге дейін оншақты жылдар бойы «жоғалған адамдар» тізімінде тұрған және олардың ерліктері туралы біз әлі білмейтін Жеңіс жауынгерлерін іздейді. Он мыңдаған сарбаздар бауырластар зираттарында дұрыс құрметпен жерленбегендіктен іздеушілерді күтуде, олар көп жылдардан кейін болсада жақындарына өздері жайлы хабар жетуін күтуде, ал олардың денелері барлық құрметпен жерленуі тиіс. Өйткені олардың барлығы есте сақталуға лайық, ұмытылып кетпеуі керек, олар әрқайсысы нағыз қаhaрмандар болғандықтан ізделуге және табылуға лайық.

Біз осы жинақта біздің батырларымыздың бір бөлігін ғана атап өттік.

Бұл жинақтың мақсаты – әрқайсысымыз өзіміздің батыр аталарымыз бен бабаларымызға көзқарасымызды аударып, Екінші Дүниежүзілік соғысындағы жерлестеріміздің ерлігін тағы да бір рет еске түсіру.

Біздің қаһарман батырларымызға қатысты ұлттық немесе басқа да ерекшеліктерге негізделген кемсіту деген ойдан аулақпыз. Штабтағы және партия басшылықтарының әділетсіздігі азаматтығы жоқ тұлғаларға, бәріне де әсер етті. Қалай болса да, бізге бұл қатені түзетуге тура келеді.

Күндердің күнінде әділеттілік орындалады және біздің батырларымыздың есімі мәңгі есте сақталады.

Олардың есімдерімен көшелер, мектептер аталады. Олар туралы фильмдер түсіріледі. Олар – біздің мақтанышымыз! Бұның оларға қажеті жоқ, бірақ бұл бізге және біздің ұрпақтарымызға қажет.

Керемет ерлік жасаған қаһармандардың ұмытылып кеткен есімдерін халыққа қайтару үшін мұны істеу керек. Өздерінің тікелей қызметтестері, олардың командирлері ерліктеріне бастарын иіп, оларға ең жоғары Батыр атағын ұсынды! Олардың ерлігі мәңгілік екенін және мақтаныш ету үшін біз білуіміз қажет. Ерлік ешқашан ұмытылмайды және ұмыт та қалмайды.

Әрине, бұл соңғы тізім емес. Әлі де құжаттар жоғалған көптеген ұмытып кеткен батырларымыз бар, бірақ күндердің күнінде архивтерден алынатын болады. Біздің батырларды іздестіру жұмыстарымыз жалғасады, өйткені әскери шындық бар, қаза тапқан соңғы жауынгер жер қойнына берілмейінше, соғыс аяқталмайды!

 

 

[1] История Казахстана с древнейших времен и до наших дней. Т.4. А., 2009. С.499.

[2] История Казахстана с древнейших времен и до наших дней. Т.4. А., 2009. С.500; Герои Великой Победы – казахстанцы. 2 т. Астана, 2016.

[3] Герои Великой Победы – казахстанцы. В двух томах. Астана, 2016; Пернебай Дүйсенбин. Ұлы Отан соғысы: Қазақтан қанша батыр шықты?// «Егеменді Қазақстан», 07.05.2011.