Қ.Тоқаев. Астана - Елбасы жігерінің жеңісі

Қ.Тоқаев. Астана - Елбасы жігерінің жеңісі
Ⓒtarlan.kz

Бағалай білсек, біз – бақытты ұрпақпыз. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздік таңы атқанын көрдік. Дербес мемлекеттің құрылысына атсалыстық. Елімізді төрткүл дүниеге таныттық. Әсіресе Тәуелсіздігіміздің ең қасиетті, қымбатты символы – жаңа елордамыздың бой көтергеніне куә болдық. Осының бәрі нағыз бақыт емес пе?

«Егемен Қазақстан» Астана – ел тарихы. Жағдай өте күрделі болатын. 1990 жыл­­­дың ортасында кеңестік эко­­но­­­микалық жүйенің жаппай ыдырауы, қоғамда саяси ката­к­­лизмдердің орын алуы, ком­­мунистік идеологияның тоқы­­рауынан туындаған дағ­дарыс шыңына жетті. Ел бола­шағы­на алаңдаушылық таныт­қан жұртшылық арасында әлеуметтік енжарлық туындады, наразы­лық көңіл күй күше­йе түсті. Жаңа­дан пайда болған қазақ мемлекеттілігінің құл­дырауының қаупі туды. Міне, осындай мемлекетті қалып­тас­тырудағы ең күрделі кезеңде, Қазақстан Прези­денті Н.Назарбаев елдің жаңа ас­танасын салу туралы шешім қабылдағанын айтты. Экономика құлдырап, қаржы ресурстары әбден сарқылған сәтте мұншалықты батыл ше­шімді Мемлекет басшысына ең жақын адамдардың өзі де бірден түсініп, қолдамағаны, күмәнмен қарағаны құпия емес. Алайда Елбасының батылдығы, тәуекелшілдігі халықтың сені­мін оятты, азаматтардың отан­сүйгіштік, мемлекетшілдік сезім­дерін үстем етті.

Ел тарихындағы осынау ең ауыр сынақтар кезінде Пре­зидент Н.Назарбаевтың шынайы көшбасшыға тән құрыштай ерік-жігеріне куә болдық. Оған тарихтың өзі халқының құт­қару­шысы болмысын әрі тыңнан жол салатын тұңғыш реформатордың миссиясын берді.

Алда тұрған реформалар өте ауыр еді. Сондықтан Президент халыққа, әсіресе жас ұрпаққа еліміздің жарқын болашағы үшін оның аса қажет екенін жа­лық­пай түсіндіруден айныған жоқ.

Астана – тәуелсіз Қазақ­станның дамуының, ұлы армандар мен жарқын, терең ойдың іске асуының символына айналды. Қазақстандықтар ел тағдырын, өз болашақ­тарын Прези­дентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сеніп тапсырды. Жаңа тарих басталды.

Астана – ұлтымыздың бола­­шағына бағытталған стра­тегия. Жаңа елорда ол – өзінің сая­сатын­да еуропалық рефор­маторлық пен прагматизм және демократиялық үрдістерге берік­тікті де, сонымен қатар қоғам негізіне тығыз арқа сүйейтін азиялық дәстүршілдікті ұштастыра білген көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақ­мерзімді мазмұнды, терең геосаяси жоспары.

Ең алдымен, Елбасының Астананы еліміздің орталығы – Арқа төсіне көшіру шеші­мінің стратегиялық мәні бар. Бұл біріншіден, бодан­дық шең­гелінен шыққан еліміз­дің гео­сая­си ұстанымын айтар­лық­тай жақсартып, оның қауіп­сізді­гін нығайтты. Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында елорданы ауыстырудың терең мағынасын былайша бейнеледі: «Тәуелсіздік алған күннен бастап жаңа жағдай, сол жағдай ерекшеліктерін көл­денең тартқан мүлде басқа мемле­кеттік ахуал қалыптасты. Қазіргі уақыттың шындығы мен бірқатар геостратегиялық факторлар бізді өз геосаяси кеңіс­тігімізді қайтадан қалыптастыру процесіне жаңа көзқараспен қарауға мәжбүрледі».

Екіншіден, «Қары бар жерде қаһар бар, кені бар жерде шаһар бар» десе де, Елбасының бұл аймақтың қарсауыттығынан, табиғатының қытымыр мінезі­нен қаймықпастан, жерасты қазба байлықтары мен ірі өнді­ріс орындары шоғырланған Орта­лық Қазақстанға елорда салу шешімін қабылдауы эконо­миканың маңызды салаларының дамуына жол ашты.

Үшіншіден, сол кезеңдегі ахуалды еске алсақ, бұрынғы Кеңес одағы елдеріндегі ұлтаралық кикіл­жің­­дер кезеңінде біздің көпэтносты мем­лекетіміздің ішкі ұлтаралық тұрақ­тылығын қамтамасыз етуге жасалған оң қадам болды. Елбасы титулды ұлт пен ұлт өкілдерінің арасындағы достық пен ынтымақтың қазақстандық үлгісін әлемге үлгі етті.

Астана – даму барометрі. Күнде өсіп, көркейіп жатқан елорданың қарқынды даму барысынан еліміздің экономика­лық, саяси және әлеуметтік даму қарқынын көреміз. Қазақстан Тәуелсіздіктің 26 жылы ішінде экономикасы дамыған, үлкен амбициялық мақсат-мүддесі бар, алыс-жақын мемлекеттер санасатын елге айналды. Әр жыл сайынғы Елбасы жолдаулары, ұзақ және қысқа мерзімдік бағдарламалар даму қарқынын біртіндеп үдете түсетін стра­тегия­лық бағдар болды. Қазақ­стан бүгінде азуын айға білеген алпауыт мемлекеттердің страте­гиялық әріптесі, өңірлік держава болып танылады.

Аса көрнекті реформатор ретінде Н.Назарбаев тек жерасты бай­лықтарына ғана сүйенуге болмайтынын үнемі еске сала отырып, әлемдік дағдарыс кезеңін ел мүддесіне тиімді пайдаланып, бүкіл әлемнен таңдаулы технологияны, ең озық ақыл-ойды тартуды міндеттеді. Сөйтіп Мемлекет басшысы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында еліміздің ойдағыдай дамуының жаңа векторын қалыптастырды. Ел алдына технологиялық жаң­ғырту, инновациялық индустрия­ландыру, адам капиталын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, аграрлық секторды, көлік және логистикалық инфра­құры­лымды жаңғырту сала­ларын­да жүзеге асыру міндет­терін қойды. Мемлекет басшы­сы айқындап бергендей, цифр­ландыруды кеңінен қол­да­нысқа енгізу – елімізді жаң­ғыр­­тудың басты бағыты. Өйт­кені бүгінде цифрлы тех­но­ло­гиялар жаһандық эконо­ми­ка­лық дамудың негізгі фактор­лары­ның біріне айналып отыр. Цифрландыру ел эконо­микасы­ның болмысын түбе­­гейлі өзгер­тіп, еңбек өнімді­лігінің артуы мен өмір сапасының жақсаруына зор ықпалын тигізері анық.

Сонымен бірге Президент халық­ты жан-жақты қолдаудың іргелі міндетін ешқашан ұмыт қалдырған емес. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қор­ғау, мемлекеттік қызмет­кер­лерді қолдау, зейнетақыны, сти­пендияны және мүгедектігі мен асырау­шысынан айы­рыл­ғанына байланысты жәрдем­ақыларды көбейту мәселелері ұдайы Елбасы назарында. Әлем­де бірде-бір ел дағдарыс жағ­дайында және қар­жы жетпей тұрғанда әлеуметтік көмек­ті ұлғайтуға тәуекел ете алған емес. Қазақстан – Ұлт көшбасшысының озық ойлылығы арқасында осыны жасап отырған ел.

Астана – бейбітшілік алаңы. Жаңа қала құрылысымен бір­ге Ұлы Дала төсінде жаңа идея­лар, батыл инновация­лар мен өр­шіл жобалар дүние­ге кел­ді. Жаһан­дық саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың зияткер әрі өміршең идея­лары, тың бастамалары – ұстанымдары бөлек, саяси, діни, мүдделері то­ғыса бермейтін елдерді Астана­да табыстырды, ортақ мәмі­леге келуге жол ашты. Еуразия­ның кіндігі – Астанада ЕҚЫҰ, ТМД, ШЫҰ, ЕурАЗ ЭО, ҰҚШҰ сынды халықаралық бедел­ді ұйымдар саммитінің, Әлем­дік және дәстүрлі діндер лидер­лері съезінің, ЭКСПО-2017 көр­месінің өтуі, Сириядағы соғыс­ты тоқтатудағы келіссөз ала­ңын ұсынған араағайындық бітім­гершілік саясаты Қазақ елін әлемдік аренадағы беделді ойыншыға айналдырды. Әлемдік саясатшылар арасында «Астана – бейбітшілік алаңы» деген ұғым пайда болды. Оған кейбір келісуші тараптардың «Біз тек Астанаға ғана барамыз» деген сөз­дері дәлел екені даусыз. Астананың бей­бітшілік алаңы ретінде танылуына, тіпті кейбір елдер тарапынан қызғанушылар да табыла бастады.

Әлемнің әр түкпіріндегі адам­дар тағ­дырына ықпал ететін маңызды шешім­дер тек осы Астанада қабыл­данды. Қазақ­стан Президентінің беделі мен даналығына, бейбітшілік пен қауіп­сіз­дік ісіне қатысты бас­та­маларына халық­аралық қоғам­дастық қошемет білдіріп, қызу қолдады. Халқымыздың күрделі тарихында Астанада алғаш рет қазақ мемлекеттігінің жаңа геосаяси мазмұны қалыптасып, ұлттық сана-сезім күшейе түсті. Қазақстан халқы әлемдік өрке­ниеттен лайықты орын алып, халықаралық қоғамдастықтың ажырамас бөлігіне айналды.

Астана – күретамыр. Жолдар­дың тоғысқан жері. Елорданың ел аумағының қақ ортасына орналасуы – Қазақстанның Еуропа мен Азия­ның экономикалық мүдделерін бірікті­ретін көлік хабына айналуына мүмкін­­дік береді. Бұл туралы Елбасы «Жол­дар Қазақстанның өмір жолының сызықтары. Біз­дің ұлан-ғайыр даламызда жол­дар­дың жан-жағында үнемі тір­шілік дамып жатты. Біз Астана­дан жан-жаққа автомобиль, темір жол және авиациялық магистральдар тарайтын көлік жүйесін құруымыз керек», деген болатын. Жаңа астанамыз­дың сәнін кіргізген, заманауи сәулет өнері­нің жарқын туындылары – жаңа халық­аралық әуежай мен темір жол вокзалының салынуы Елбасы сөзінің нақты іспен қуатталатының дәлелі. Жолдар – ел экономикасы дамуы­ның көрсеткіші деп те атай­ды. Астанадан тараған жол­дар Ұлт жоспары аясында Қазақ­стан­ды халықаралық көлік-ком­муни­кациялық легіне интеграциялаумен қабыстырыл­ған болашағы үлкен жоба. Өйт­кені бұл Еуропадан Азияға тіке­лей жүк тасымалын іске асыруға мүмкіндік беретін мультимодальды көлік дәлізін жасауды қамтиды.

Астанадан еліміздің тоғыз түкпіріне күн шапағы іспетті тарайтын «Нұрлы жол» страте­гиялық бағдарламасы мемле­кетіміздің дамуына сапалық тұрғыда тың серпін береді.

Астана – ғылым мен білім ордасы. Елбасы өзінің жастарға арнаған сөзінде «Болашақ – білімде» деп атап өткен болатын. Бұл бір кездегі «Халқым басқа халықтан кем болмасын» деген Алаш арыстарының айтулы сөздерімен де үндесіп жат­қан кемел ойдың көрінісі. Астана бүгінде Еуразияның іскерлік, мәдени және ғылыми орталығына айналды.

Елбасының шетелдік танымал оқытушыларды тарта отырып ашқан Назарбаев Университеті бүгінде әлемдік деңгейдегі оқу орындарымен үзеңгі қағыстыра алатын беделді білім ордасына, Қазақстанның ғылыми-оқыту жүйесінің көш­бас­шысына айналды. Астанада, сонымен қатар іргелі жоғары оқу орындары мен ғылы­ми-зерттеу мекемелері ашыл­ды, қазақ­стандық және шетел­дік білім және зерттеу орта­лықтары жұмыс істей бас­тады. Жастардың ғылымға бет бұрып, саналы тәрбие алуы үшін ауқымды істер атқарылды. Елба­сының бастамасымен ашылған Астананың жоғары оқу орындары заманауи интеллектуалды орталық ретінде танылды.

Ондаған, жүздеген жастардың әлем­дік стандарттар деңгейінде емін-еркін сапалы білім алуға берілген тамаша мүмкіндік үшін Елбасына айтар алғысы шексіз.

Астана 60 мыңнан астам қазақ жас­тарына маңызды өмірлік бағдарын берген теңдесі жоқ «Болашақ» бағдар­ламасының орталығына айналды.

 Астана – сұлу қала. Аз ғана уақыттың ішінде сайын далада ертегідегідей пайда болып, кербездігімен әлемді тамсантқан ғажайып шаһардың бой көтеруі – Елбасының ерлігі. Курокава, Фостер, Танге, Николетти сияқ­ты есімдері әлемге танымал озық ойлы сәулетшілерді Астана­ға әкелді. Өзіміздің үздік шебер­лерді тартты. Алайда қаланың қандай болатыны жөніндегі бас жобалаушы да, идея беруші де Елбасының өзі болды. Сөйтіп елорданың бүгінгі бейнесін қа­лып­тастырудағы жақсылыққа, игілік пен ізгілікке ұмтылған Елбасының ерік-жігерінің арқа­сында дүние жүзіндегі таңдаулы құрылыс туындылары салынды. Тұңғыш Президент кітапханасы, «Астана опера» театры, Ұлттық музей, «Шабыт» өнер академиясы, «Қазақстан» киноконцерт залы, «Астана арена» стадионы, «Хан Шатыр» сауда-ойын сауық кешені, тағы да басқа айтып тауысу мүмкін емес сұлу архитектуралы ғимараттар, мәдени-көпшілік орындар көз қуантады, жүректерде патриоттық сезімді, ұлттық рухты оятады, көңілді мақтаныш кернейді.

Астана – Елбасының перзенті. Ол – Ұлт көшбасшысы, мемлекет құрушы әрі ғажайып қала – Астананың рухани әкесі, ар­хи­текторы. Оның есімі дәуір­дің ең белгілі, ықпалды жаңарту­шы­ларының қатарында аталады. Ол жаңа Қазақстан мемлекетін орнату кезеңінде қазіргі заман­ның ең дарынды жасампаз реформаторы ретінде танылды.

ҚХР Төрағасы Си Цзинь­пиннің «Кейінгі 20 жылда Ас­тана­да ғаламат өзгерістер болды, ол Қазақстанның керемет келе­шегін паш етіп отыр» деп атап өтуі кездейсоқ емес. Влади­мир Путин Астананы «Қазіргі заманның ғажайыбы» деп атады. Ресей басшысы «Астана – қарқынды дамып келе жатқан мегаполис, Еуразиядағы ең заманауи қалалардың бірі және ол Республика Президенті сіңірген аса зор еңбектің жемісі» деген болатын.

Бүгінгі Астана – Елбасы жі­гері­нің айқын жеңісі, әлемдік қоғам­дас­тықтан ойып отырып орын алған Қазақстан жетіс­тік­терінің жиынтық бейнесі. Бозбала Астана Ұлы Дала мен Мәңгілік ел – Қазақ елі Тәуелсіздігінің айбары ретінде көркейе берері анық.

Астана – біздің тарихи тағ­дырымыз. Қазақстанның жар­қын келешегі, оның дамуы мен өркендеуі Елбасының атқарған ауқымды істері мен табан­дылықпен жүргізген саясаты шынайы алғыс пен құрметке лайық. Астана еліміздің әлеуетін нығайтуға бар күш-жігерін арнайтын интеллектуал күш санала­тын қауымды өзіне тартатын орталыққа айналды. Сондық­тан Астана орындалатын армандар мен үміттердің қаласы. Ғасыр­ларға жететін тарих әрі ұрпақтан ұрпаққа кететін ескерткіш.

Астана – қазақ халқының жа­ңаруы­ның нышаны, үлкен үміт­тері ақиқатқа айналған қала еке­нін қазақ­стандықтар күн са­йын сезінеді. Президент Н.Назарбаев дүниежүзілік тарихта жасампаз әрі ықпалды саясаткер ретінде өз орны бар тұлғаға айналды. Бізге, оның замандастарына, Елбасының Отанымыздың өркендеуі жолындағы ерлікке толы ерен еңбегінің мән-мағы­насын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу міндеті жүктеледі. Халық­тың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген алғысы мен құрметі жалпы, ұлттық тарихта, ұлттық жаңару­лар шежіресіне алтын әріп­термен жазылуға тиіс. Президент Н.Назарбаевтың шын мәніндегі жаһандық деңгейіндегі тарихи тұлға ретіндегі теңдесі жоқ ең­бегін келер ұрпақ ризашылықпен мәңгілік есте ұстайтын болады. Оған менің еш күмәнім жоқ.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы