Шыңғыс Мұқан Ұлттық кеңеске мүше болды

Шыңғыс Мұқан Ұлттық кеңеске мүше болды
Ⓒtarlan.kz

Бұл туралы Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желіде жазды. 

Шыңғыс Жұмабекұлы 1984 жылы 3 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматыда «Қайнар» университетінің журналистика факультетін бітірген. Қызмет ете жүріп Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін, Францияның Сорбонна университеті жанындағы «ПАРИЖ ХІІ» магистратурасын тәмамдаған.

Еңбек жолын республикалық «Жас Алаш» газетінде тілшіліктен бастап, «Medіa Net» халықаралық журналистика орталығында оқытушы, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы болған Шыңғыс Жұмабекұлы 2008 жылы Орал қаласына келді. Сөйтіп, 24 жасында облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің басын біріктірген «Жайық-пресс» ЖШС-інің бас директоры атанды. Осы кезеңде «Жайық  Пресс»  ЖШС  ұжымы  жаңа  ғимаратқа  орналасып, өзінің жаңа баспаханасына ие болды.

Шыңғыс Жұмабекұлы 2010-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды. 2011-2012 жылдары Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің мәдениет, тіл және спорт секторының меңгеруші қызметін атқарды. 2012 жылдың тамыз айында Шыңғыс Мұқан Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Кейіннен 2016 жылы мамырда қызметінен кеткен Шыңғыс Мұқан – Америкадағы Гарвард университеті Кеннеди басқару мектебін Болашақ бағдарламасымен оқып келді.