Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды

Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды
Ⓒtarlan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына іссапармен барды. Сапар аясында президент блыстың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен әңгімелесті.

Мемлекет басшысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған өңірдің аграрлық саласының дамуын жоғары бағалады.

– Басқа облыстардағыдай мұнда да белгілі бір мәселелер бар. Бірақ, Үкіметтің көмегімен бұл проблемаларды шешу жұмыстары күшейтіледі. Ал, жер мәселесіне келер болсақ, кім жұмыс істейді, жер соған тиесілі. Екіншіден, жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретінде түбегейлі ұстанымым, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесуге қатысушылар ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне мемлекеттік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.