2000-ншы жылдары мүдделі топтар Қазақстанда монархия енгізу туралы идеяны күн тәртібіне шығарғаны есімізде. Билік монархиялық үлгімен ауысады деп бүгінгі күні де айтып жүр. Осыған орай қонақ үйде ''құрылтай'' шақыру жайын қозғауда. Монархияның негізгі элементтері жоқ болса да оны тауып алып, онымен күресуге дайын тұратын қоғам өкілдері де бар. Олай ойлауға құқықтары бар әрине. Бірақ бұл іс «жел диірменімен алысу» сияқты. Шынында мәселе мүлде басқада жатыр деп есептеймін.
Авторитарлық жүйе әр қашан саяси, экономикалық реформалар жүргізуге іштей қарсы, бұл авторитаризмге тән. Авторитарлы жүйе реформалар бастаса да бұл атқарушы биліктің күшейуіне, саяси монополияны кеңейтуге ғана алып барады. Себебі мемлекттік машина бір адамның немесе соның айналасының ғана мүддесін қорғайды. Бұл түсінікті. Бірақ біздегі авторитарлы жүйені өтпелі кезеңге тән құбылыс ретінде қарастыруды ұмытпауымыз тиіс. Сондықтан да, фокусты дұрыс анықтап, мәселеге авторитаризмнен-монархия моделіне ауысу тұрғысынан емес, біздің саяси шынайлық жағдайымызда авторитаризмнен – демократияға біртіндеп дайындалу.
Осы уақытқа дейін посткеңестік елдер арасында, билік алмастыру тәжірибесі жоқ жалғыз мемлекет болып келдік. Біз қазіргі кезде еліміздегі тарихи процесстің куәсі болып отырмыз, қазақ транзиті саяси ой тұрғысынан өзінің спецификаcымен жүруде. Шетелдік және отандық сарапшылар еліміздегі болуы мүмкін транзитті тек негативті сценарилермен болжаған. Алайда, бүгін орын алған практикаға назар салсақ, транзит барынша байсалды өтуде. Сәтті билік транзиті, басқарушы элита арасындағы консенсусқа келуі нәтижесінде болады. Біздің саяси элита статус кво-ны немесе орнатылған жүйенің қатаң сақталуының аясында ымыраға келген болуы керек. Бірақ бұл болашақта амбициясы бар топтар арасындағы болуы мүмкін қақтығыстарды жоққа шығару емес. Десек те, биліктің өз уақытында ауысуы елде саяси-әлеуметтік дағдарыстың болмауының кепілі. Жалпы, осы маңызы зор процесстің әзірге жоспар бойынша өтіп жатқаны айқын.
Бір аптадан кейін өтетін сайлаудың негізгі міндеті, саяси бәсекелестік жағдайында ашық сайлау өткізуі болса, екінші жағынан тұрақты, тиімді басқаруды қамтамасыз ете алатын мықты тұлғаның билікке келуіне мүмкіндік тудыру. Ол тұлға басқарушы элитаның ішінен, тәжірибесі мол, жоғарғы лауазымдарды атқарған тұлға болуы заңды. Сайлаудың түпкі мақсаты да, елде саяси-әлеуметтік өзгерістер алып келу.
Бүгінгі күні қоғам мен билік арасындағы алшақтық ақырындап азайып баражатқаны байқалады. Науқан аяқталысымен өзгеріске деген қажеттілік те, сұраныс та жаңа сапада көрініс табады. Транзит қоғамды күрделенуге итермелеп азаматтық қоғамның белсенділігін арттырады. Саны да өседі, мазұны да терендей түседі. Соған үміттенейік. Дайындалайық.
Рауан Бұғыбай