3 қыркүйек күні түбі бір Түркінің ұрпақтары құрған мемлекеттер басшылары Қырғызстанда бас қосты. Түркі елдері одағы туралы ақпарат оқтын-оқтын ақпарат көздерінде қылаң бергенімен, әлемді елең еткізер аса бір ірі сөздер айтыла қоймады. Бірлі-жарым орыс тілді ақпарат көздері «Орта Азияға Түркі кеңесі неге қажет?» деген сұрау төңірегінде материалдар жариялады. Осы кезеңде Ресейдің «Пантүркизммен күреске 8 миллион рубль ақша бөлгені» туралы да ақпарат қылаң берді. Түркі баласының бірігуінен өзгелер алаңдай ма? Сұрақты басқаша қойсақ, Түркі елдері өзгені алаңдататындай «түркі бірлігін» қалыптастыра ала ма?
Осы сұрау төңірегінде ізденіп едім, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Əзербайжан Президенті Ильхам Əлиев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков жəне бақылаушы мəртебесіне ие Өзбекстан Президенті Шафкат Мирзиёев пен арнайы мейман Венгрия Пре мьер министрі Виктор Орбан қатысқан саммит туралы ресми ақпараттан өзге сараптамалық материалдар тым аз.
Түркияның «Анадолы агенттігінде» Еруопа одағы мен Түркі елдір бірлігін зерттеп жүрген доцент Күршад Зорлының «Түрік кеңесіндегі шашырау мен бүтінделу кезеңі» атты мақала жарық көрді. Материалды оқырман назарына қазақшаладым.
***
Жаһандық сауда соғысы ушыққан, саяси және экономикалық байланыс қайта қаралуы тиіс алмағайып кезеңде VI Түрік Кеңесі құрылтайы барлық мүше елдер үшін үлкен мағына береді.
Түрік кеңесі (түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі) — Түркі тектес елдер мен қауымдастықтардың ынтымақтастығын жақсарту үшін 2009 жылы құрылған халықаралық ұйым. Құрушы елдер Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия елдері. Қамту аясы жағынан Түркі әлемінің басты ұйымы деуге болады.
Түркі Кеңесі тарихи өлшемінен алып қарасақ, ақыл-ой негізі шамамен 100 жылдан аса уақыт бұрын, институционалдық тұрғыдан алғанда 1992 жылы басталған «Түркі тілдес мемлекеттер президенттерінің саммитінен» бастау алғанын айтуға болады. Бұл тұрғыда 1991 жылы Түркі елдерінің тәуелсіздік алғаннан кейін жиналған алғашқы саммиттің шешімдері еске түседі. 1992 жылғы саммитте Солтүстік Кипр Түрік республикасынан басқа 6 түркі мемлекеті кем қалмай қатысып, 3 маңызды іргелі шешімді қоғаммен бөліскен: 1. Азаматтардың еркін жүріп-тұруы, тауар және сервистің еркін айналымы; 2. Ортақ банк құру; 3. Барлық табиғи байлықтың Түркия арқылы Еуропаға сатылуы;
Бұл бағдар мен ерік-жігер өте маңызды. Саммитке қатысты елдер Еуразиядағы энергия көздерінің үлкен бөлігіне ие мемлекеттер. Бір жағынан жаңа тәуелсіздік алған елдердің мұнай және газ қорын пайдалана білуі маңызды болса, екінші жағынан мемлекетті ілгерілетуге қажетті жылдық 2 миллиард долларды табу да өте маңызды еді. Ал, бұны Түркі елдері арасындағы бұрыннан тәуелсіз Түркия өзіне жауапкершілік ретінде сезінді. Екінші жағынан, Түркия арқылы Еуропаға мұнай мен газ тасымалы 1990 жылдардағы ең ықпалды дипломатиялық құралы болатын. Алайда, 1991-1996 жылдарды қамтыған алғашқы кезең жеткілікті жұмыс атқарылмаған шашыраңқы кезеңнің кескіні ортаға шықты.
Осылайша, 2001 жылға дейінгі Түркі елдері президенттерінің кездесулерінің бастапқы мәселесі негізінен педагогикалық және әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі салмақты жұмыстарды атқарды. Он мың студент жобасы, Қазақстандағы Ахмет Яссауи университетінің ашылуы, Қырғызстандағы Манас университетінің құрылуы негізгі мысалдар бола алады. Анкара, Ыстамбұл, Бішкек, Ташкент, Астана және Баку қалаларында 2006 жылға дейін өткен саммиттерге мемлекеттер толықтай жинала алмаған. Бұл кезең қарым-қатынастың ең ақсаған кезеңі. 5,5 жылдан кейін Анталияда өткен саммитке Өзбекстан қатысқан да жоқ. Ал, Түркіменстан атынан Анкарадағы төтенше және өкілетті елші өкілдік еткен. Түркіменстанның БҰҰ-да қол қойған бейтараптық келісімі мен Түркия-Өзбекстан қарым-қатынасының әлсіреуі саммиттердің кеңеюі мен институционалдануының жолын кесті.
Ақыр соңында, 2009 жылы Нахчыван саммитінде қабылданған шешім бойынша, 2010 жылғы Ыстамбұл саммитінде құрылуымен Түрік кеңесі саммиттері кезеңі басталды. 2011-де Алматы, 2012-де Бішкек, 2013-де Гебеле, 2014-те Бодрум, 2015-те Астанада өткен саммиттердің соңынан 3 жылға жуық уақыт үзіліс болған саммит VI кездесуін Ыстықкөлде күні кеше өткізді.
Түрік кеңесі деген қандай ұйым?
Түрік кеңесінің басты шешім шығарушы ұйымы мемлекет басшыларының кеңесі. Кезеңнің төрағалығы алфавит тәртібімен жыл сайын ауысады. Биыл Түркі кеңесінің төрағалығы Қазақстаннан Қырғызстанға өтті. Кеңестің қызметі болса Ыстамбұлдағы Бас хатшылық жағынан атқарылады. Бұдан сырт, Түркі кеңесі Түркі тілдес елдер парламентер ассамблеясы, Түрік іскерлік кеңесі, Түрік академиясы және Халықаралық түрік мәдениет ұйымы (TÜRKSOY) сияқты байланысты ұйымдардан құралған салалас ұйым мәртебесіне ие. Келісімдерге сай, ұйымның мақсат-міндеттері арасында «Сыртқы саясаттағы ортақ ұстанымда болу», «Террор және трансшекаралық қылмыспен күресу»», «Барлық салаларда тиімді ынтымақтастықты дамыту» сияқты ерекшеліктер бар. Бұған сай, мүше елдердің халықаралық ұйымдарда ортақ пікірде болуы Түрік кеңесі тұрғысынан аса маңызды. Осындай мақсат пен жобалардың жүзеге асуы тұрғысынан бюджет қалыптастырудағы ақаулар мен сәйкессіздіктер жаңа кезеңде күнтәртібіне шығары сөзсіз. Кеңестің халықаралық көрінісі үшін Ыстамбұлдағы Бас хатшылық ғимаратын беру қажеттілігі осы үдерістің бір бөлігі болып табылады.
Шолпан Ата саммиті
Жаһандық сауда соғысы ушыққан, саяси және экономикалық байланыс қайта қаралып жатқан осындай кезеңде өткен VI Түркі елдері саммиті аса маңызды деуге болады. Әсіресе, Каспий теңізіне көрші елдердің аз ғана уақыт бұрын құқықтық шешімге келуімен энергия және тасымалдаудың жаңа альтернативтері тек аумақтық мағынасында емес жаһандық күрестерде де ұпай береді.
Ағымдағы жағдай мен мүмкіндіктер 1991-1996 кезеңіне ұқсас потенциялы меңзейді. Ұзақ жылдар бойы Совет одағы ықпалында қалған Түркі елдерінің Ресеймен байланысына да назар салсақ, Түркия-Ресей арасындағы салыстырмалы келісім Түркі әлеміндегі ынтымақтастықты тіпті де анық қадамдарға жетелейді. Қырғызстанның Ыстықкөлі бойындағы Шолпан Ата саммитінде Өзбекстанның ресми түрде Түркі кеңесіне қосылуы, Венгрияның бақылаушы ел ретінде құрметті қонақ болып қатысуы үміт сыйлайтын қадамдар. Осылайша Түркіменстан мен Кипрден басқа 5 Түркі елі ұйымның ресми мүшелері болды. Кеңестің ең маңызды органы саналатын Мемлекет президенттерінің саммиттегі болжам мен ұсыныстарын төмендегідей мазмұндауға болады:
- Түркия президенті Ердоған тиісті елдер арасында доллар орнына өз валютасымен сауда жасауын ұсынды. Әрі Түркияда 2016 жылы 15 шілдеде төңкеріс жасамақ болды деп айыпталған Фетһуллаһ Гүлен басқаруындағы ұйыммен (FETÖ-мен) күрес жүргізуді айтты. Айрықша, тарихи Жібек жолы жобасының іске асуындағы ортақ коридор қалыптасуындағы Түркияның маңызды рөліне тоқталды;
- Қазақстан президенті Назарбаев кеңестің тіпті де функционалды жұмыс істеуі үшін кейбір төменгі ұйымдарды біріктіру ұсынысын жеткізді, тұжырымдамалық карта қалыптастыру, әсіресе тасымал, теңіз жолы байланысындағы ұйымдарды жандандыру ұсынысын көтерді;
- Әзербайжан президенті Әлиев Түркі тілдес елдер арасындағы тасымал мен энергия бағдарламаларының рөлін атап өте отырып, аймақтық ынтымақтастықты нығайту үшін қосымша құнға назар аудартты;
- Саммит өткізген Қырғызстан президенті Жээнбеков болса Түркіменстанды да кеңеске қатысуға шақырды.
- Кеңестің жаңа мүшесі Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев болса «Ортақ туризмге» ден қойып, Хива қаласын Түркі әлемі мәдени астанасы етуді ұсынды.
Мүмкіндіктер мен проблемалар тоғысы
Еш шүбәсіз Түркі Кеңесі жаңа кезеңде Өзбекстанның қосылуымен күшейе түседі. Демографиялық құрылымы мен экономикалық потенциялы арқылы аймақтағы ең маңызды елдің бірі Өзбекстан барлық мүше елдер тұрғысынан салмақты түсімдер әкеледі. Бұндай шешімнің өзбек-қазақ қатынасы нығая түскен кезеңде қабылдануы Түркіменстан, Тәжікстан тіпті Ауғанстан деңгейінде де бір бөлім ынтымақтастық талпыныстарын тудырады. Сондықтан да Түркі кеңесі жаһандық оқиғалардың стратегиялық тұғырында шешуші серіктес болу мүмкіндігін күшейтеді. Еуро одақ мүшесі Венгрияның Кеңеске бақылаушы мүше болуы болса Шығыс-Батыс арасындағы күш пен позициясы тұрғысынан өте құнды.
Кеңестің өткен 3 жылда тасымал, энергия және туризм кеңістігіндегі қалыптастырған жобаларының соңғы қадамы тиімді ынталандыру құралы болады. Самсун-Баку-Ақтау бауырлас айлақтар жобасы арқылы жүк тасымалы, жаңа Жібек жолында «орта коридор» жандануы Түркі дүниесі үшін ортақ туризм алаңының кеңеюіне салмақты пайдасын тигізеді. Іс-қимылдардың сәйкестенуі тұрғысында жаңа тағайындалған бас хатшы Бағдат Әміреев тәжрибесі мен дипломатиялық деңгейдегі танымалдылығы ұйымға тіпті де серпін береді.
Алайда, осындай мүмкіндіктерге қарамастан Қазақстан мен Қырғызстанның Ресей көшбасшылығында құрылған Еуразия экономикалық ұйымына да мүше болуы әсіресе экономикалық кеңістіктегі екі жақты және көп жақты жобаларды тұралатуы мүмкін. Оған қоса Түркияның АҚШ-пен дүрдараздығы белгілі бір деңгейде жағдайды қиындастыруы, немесе Ресеймен қатынасының осы тұрғыда жағымсыз әсері Түркі кеңесі жағрапиясында дамуды тежеуі мүмкін. Тағы бір маңызды мәселе ұйымның жұмыс атқару қалыпына байланысты. Президенттер деңгейінде қабылданған шешімдердің келесі саммитке дейін төменгі бюрократтық тізбекте тиісті деңгейде қолға алынбауы себебі де қиындықтар туғызады. Тағы да басты ұйым ретінде ұйымға бағынышты мекемелердің міндет жүктемелері мен өрістер формалды ұйымдастырушылық процестің артында. Бұл тапшылық билік қайшылықтарына әсер етеді. Мысалы Түрік парламентер ұйымы Бакуда, Түркі академиясы Қазақстанда, Түріксой Түркияда, Түркі кеңесі Ыстамбұлда тұрғандықтан ортақ нысаналардың координациялық сәйкессіздігі жеткілікті уақыт және мазмұнмен қамтылмаған. Тіл және жазу ортақтығындағы біркелкі емес көзқарастар да ортақ талап пен түсінік қалыптасуына кері әсер етіп отыр.
Тағы бір жағынан, 1,5 триллион доллар ЖІӨ, 200 миллионға жақын халық және 5 миллион шаршы метр территориясы арқылы Әлемдегі деңгейлес ұйымдар арасында көзге түсетін Түркі кеңесі қажет десеңіз мемлекеттер деңгейінде, қажет десеңіз ұйым деңгейінде күтілген экономикалық байланыстан өте алшақ, жансыз.
Түркі елдерінің әлемдік сыртқы сауда позициясына қарайтын болсақ, Түркіменстанды қосқанда 5 түркі елі 2017 жылы жалпы сыртқы сауда көлемі 146 миллиард доллар болған. Түркияны қосқанда 536 миллиард доллар деңгейінде. 5 түркі мемлекеті 2017 жылы ТМД елдерінің жалпы экспортының 16,1 пайызындай, ал, Әлемдік сауданың 0,5 пайызындай ғана қаражатқа ие.
Бұл көрсеткіш Түркияны да қоссақ 1,4 пайызға әзер жетеді. Аймақта ықпалын сездіретін Ресей болса әлемдік экспорт көлемінің 2 пайызына ие. Түркияның 2017 жылғы сыртқы саудасына қарасақ, Түркі кеңесіне кіретін басқа елдерге сыртқы саудасы 7 миллиард долларлық сауда көлеміне ғана ие екені көрінеді. Оның 4,2 миллиарды экспорт. Бұл Түркияның жалпы сыртқы саудасының 1,8 пайызындай ғана.
Осы анықтау мен нәтиже арқылы Түрік кеңесінің құрылымдық, психикалық күшеюге мұқтаж екені және мүше елдердің тиісті барлық институттары қоян-қолтық қарым-қатынасқа көшіп, нақты қадамдар жасауы әрі ұйымдасу үлкен қажеттілікті талап етеді.
Нұрғали Нұртай