ҚР Президентінің көмекшісі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы Ерлан Қарин өзінің телеграм парақшасында Ұлттық кеңесте ротациялық жаңарту жүргенін хабарлады.
Ұлттық кеңестің құрамына «Дос» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дина Ерділдинова, «Атамекен» бизнес телеарнасының бас директоры Қанат Сахарянов, кәсіпкер Эмин Аскеров, белгілі журналист, блогер Өркен Кенжебек және медиа-сарапшы Максим Рожин кірді.
Сәйкесінше Бағдат Мусин, Данияр Әшімбаев, Мұхтар Тайжан, Сейдахмет Құттықадам және Жәнібек Қожық Ұлттық кеңестен шығарылды. Ерлан Тынымбайұлы оларға алғысын білдірді.