Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: талдамалық зерделеу

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: талдамалық зерделеу
Ⓒtarlan.kz

Құрметті оқырман, ҚР президенті жанындағы Ұлттық кеңес құрылып, жұмысы бастағалы жарым жылға жуықтады. Консультациялық органның осыған дейінгі атқарған қызметіне Еуразиялық интеграция институты арнаулы сараптамалық зерттеу жасаған екен. Талдамалық зерттеуді назарларыңызға ұсынамыз!

*** 

 

Әлемде тектоникалық өзгерістер орын алуда. Қоғамдық процестердің мазмұны мен сипаты жылдам өзгеруде. Тарихи уақыттың жеделдеуі, экономикалық формация мен технологиялық тәртіптің ауысуы – осының барлығы Қазақстанға да өз әсерін тигізуде.

Өзгермелі сын-тегеуріндерге және даму шарттарына сәйкес мемлекеттік саясаттың жаңа күн тәртібі де қалыптасуы шарт. Сондықтан, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» және «Әртүрлі көзқарас – бір ұлт» сияқты қағидаттар жарияланды, олар өзекті. Осынау концепт Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік күн тәртібінің басты бағыттарын анықтап отыр. Мемлекет басшысы қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенім аясын кеңейтуді көздейді. Бұл ретте кең диалогты ұйымдастыру арқылы шешімдер әзірлеу процесінде қоғамның рөлін күшейту, сонымен бірге әлеуметтің саяси маңызын арттыру мәселесі қарастырылуда.

Аталған мақсаттарды іске асыру үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Оған мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын реформалау бойынша шоғырландырылған шешімдерді әзірлеу жөніндегі құрал рөлі жүктелген. Өткен жылдың соңында Ұлттық кеңес алаңында реформалардың алғашқы пакеті ұсынылды, ол ағымдағы жылда заңнамалық рәсімделуі тиіс.

Жарияланған мақсаттардың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ерекше жауапкершілік жүктейтіні анық. Бүгінде, халықтың басым бөлігі Ұлттық кеңес пен оның жұмысын қолдайды. Сонымен қатар, аса көтеріңкі және төмендетілген қоғамдық үміттерді болдырмау үшін боямасыз әрі эмоциясыз объективтік көріністі белгілеу қажет. Осынау көзқарас өте маңызды, өйткені мемлекеттің саяси процесті кеңейтуге деген нақты ұмтылысына мемлекеттік дамудың тұрақтылығы мен бағыты тәуелді болады.

Ұлттық кеңес өз кезегінде зерделеуге мүмкіндік беретін белгілі-бір нәтижелі бітімді қалыптастыра отырып, бастапқы кезеңнен өтіп отыр.

 

Жалпы және жеке

Қазіргі әлемдік тәжірибеде диалог алаңдары – бұл саяси процесті іске асырудың қолданыстағы және тиімді механизмі, «Realpolitik» классикалық құралы. Мәселен, өткен онжылдықта оны демократияның қалыптасқан дәстүрі бар дамыған елдер (мысалы, Франция), сондай-ақ дамушы елдер (мысалы, Ресей) қолданып келді.

Қазақстанның саяси тарихы үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі алғашқы диалогтық тәжірибе болып табылмайды. Мемлекеттіліктің қазіргі кезеңі шеңберінде қоғам мен биліктің коммуникациялық алаңдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл тарихы бар. Атап айтқанда:

  • Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес, ТЖК (2002-2003 жылдар);
  • Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия, ДМҰК (2004-2006 жылдар);
  • Демократиялық реформалар бағдарламасын әзiрлеу мен нақтылаужөнiндегi мемлекеттiк комиссия, (ДРБӘНМК) (2006–2007 жылдар);

2016 жылы Жер комиссиясы жұмыс істеді, алайда оның нақты бір мәселені – жер мәселесін шешу үшін құрылуы қағидалы айырмашылық болды, ал қалған диалогтық алаңдардың барлығы кең бағытта болды.

Алайда ТЖК және ДМҰК арасында, бір жағынан, ДРБӘНМК мен Ұлттық кеңес арасында екінші жағынан, ортақ және сәйкес келмейтін жәйттер бар.

Біріншіден, ДРБӘНМК мен Ұлттық кеңесті биліктің өзі бастамалық етті. Мысалы, Ұлттық сенім кеңесін құру Президент Тоқаевтың сайлау алдындағы уәделерінің бірі болып табылады. Ал ТЖК мен ДМҰК көбінесе билік пен оппозиция арасындағы өзара іс-қимыл жасау алаңдары ретінде қолданылды.

Екіншіден, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі шеңберіндегі реформалардың бірінші пакеті тікелей жұмыс басталған сәттен бастап үш ай ішінде әзірленді (бірінші отырыс қыркүйекте өтті, ал реформалардың бірінші пакеті келесі отырыста, желтоқсанда ұсынылды). Бұл ең қысқа уақыт аралықтарының бірі. Мысалы, ТЖК алаңында қабылданған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды демократияландыру мен дамытуға бейілділік туралы меморандумды әзірлеу үшін сегіз отырыс қажет болды.

Үшіншіден, егер ТЖК-ны Премьер-Министрдің орынбасары (Бауыржан Мұхамеджанов), ДМҰК – Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы (Болат Өтемұратов) басқарған болса, ал ДРБӘНМК және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – Президенттің басқаруында болды (бірінші жағдайда – Елбасы, екінші жағдайда – Қ. Тоқаев).

АТАУЫ

Жұмыс кезеңі

Төраға

ПӘК

1.

Азаматтық қоғамдыодан әрiдемократияландырумен дамыту жөнiндегi ұсыныстардытұжырымдау бойыншатұрақты жұмыс iстейтiнкеңес

2002–2003 жж.

Премьер-Министрдің орынбасары

«Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды демократияландыру мен дамытуға бейілділік туралы меморандум»

2.

Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия

2004–2006 жж.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы

 

Демократиялықреформаларбағдарламасын әзiрлеумен нақтылау жөнiндегiмемлекеттiк комиссия

2006–2007 жж.

Президент

Конституциялықреформа – 2007

3.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі

2019 ж. қыркүйек – қазіргі уақытқа дейін

Президент

Жұмыстың алғашқы жарты жылдығында реформалардың бірінші пакеті әзірленіп, заңнамалық рәсімдеуге жолданды

 

Оқиғалар хронологиясы

Процестерді де, институттарды да ұйымдастыруда нәтижеге ұмтылыс басты фактор. Осы мәселе көп жағдайда екпін мен динамиканы анықтай отырып, соңғы нәтижеге итермелейді. Бұл тұрғыда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру тарихы, сондай-ақ оның бастапқы кейсі диалогты құруға бағытталған маркер болып табылады, жұмыстың бірізділігі мен жүйелілігін көрсетеді. Ұлттық кеңестің қызметіне көрсетілген призмалар арқылы қарау үшін, оқиғаларды нақты хронологиялық тәртіппен өрістетеміз.

 

12 мамыр

Президенттік сайлау науқаны аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды платформасын таныстырды. Бағдарламаның негізгі сюжеттік желілерінің бірі ретінде«қоғам – мемлекет» бағыты бойынша кең диалог құру жарияланды. Осы сайлау алдындағы уәде шеңберінде Қ.К. Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы хабарлады.

 

12 маусым

Президент Тоқаев өзінің ұлықтау рәсіміндегі сөзінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруға баса назар аударды, осы арқылы оның президенттік күн тәртібіндегі басымдығын растады.

Сол күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы саяси шешімі болды.

17 шілде

Президент Тоқаев өз Жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамын бекітті.

28 тамыз

Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев ұйымдастыру отырысын өткізді.

6 қыркүйек

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысы өтті. Президент Тоқаев жұмыстың бастапқы күн тәртібін тұжырымдап, қызметтің негізгі бағыттары мен принциптерін белгіледі.

 

20 желтоқсан

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтті. Заңнамалық рәсімдеуге жолданған реформалардың бірінші пакеті қабылданды.

***

Осылайша, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қысқа уақыт ішінде сайлау алдындағы уәделерден нақты жұмыс істейтін құрылымға дейін институционалдық рәсімдеуден өтті. Институт жұмыс істеп тұрған төрт айда қоғам, азаматтар, саяси истеблишмент өкілдері ондаған жылдар бойы перманентті талқыланып келген әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда оң нәтижелерге қол жеткізді.

Барлық рәсімдік, ұйымдық, техникалық және өзге де мәселелердің қысқа мерзімде шешілуі, Тоқаев үшін күн тәртібіндегі саяси диалогтың маңыздыекендігін көрсетті. Сонымен қатар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырыстарына тікелей қатысудан бөлек, Президент Тоқаев Ұлттық кеңес мүшелерімен тұрақты негізде консультациялық кездесулер (14 кездесу) өткізгенін атап өту керек.

 

 

Тоқаев факторы

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру жөніндегі ұйымдық-рәсімдік жұмыстарды талдау Мемлекет басшысының негізгі рөлін анықтап беруге мүмкіндік жасайды. Ұлттық кеңес жұмысының аралық нәтижелерін бағалау Тоқаев факторы сияқты маңызды пазлсыз толыққанды болуы мүмкін емес.

Бірінші кезекте айта кететін жағдай, бақылаушылар, Ұлттық кеңес жұмысы басталар алдында, биліктің реформаторлық қызбалықтан қорқып, жобаны бастар кезінде «қайта қайырады» деген тәуекел бар деп есептеді. Бірақ олай болған жоқ, оның үстіне - екінші отырыстың өзінде реформалардың бірінші пакеті рәсімделді. Бұл Президент Тоқаевтың саяси ерік-жігер көрсеткіші болып табылады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Ұлттық кеңестің бастамашысы және жұмысты жігерлі жүргізудің генераторы болды, оның позициясы көп жағдайда жұмыстың мазмұнын да айқындады. Ұлттық кеңес отырыстарында Президент Тоқаев маңызды ұстанымдарды тұжырымдады, олар арқылы, бір жағынан, Ұлттық кеңестің жұмыс стандарттарын белгіледі, екінші жағынан, қолданыстағы ішкі саяси тұжырымдаманы өзі толықтырып отырды.

Осы арада, идеологиялық платформаны айтарлықтай толықтырған бірнеше маңызды тұстарын атап өткен дұрыс.

Біріншіден, плюрализм дамудың маңызды шарты деп жарияланды. Сол арқылы билік статикалық тұрақтылық үлгісінен бас тартып, динамикалық көрсеткіштерге бет бұрды.

Екіншіден, балама пікір – деструктив емес. Тиісінше, оппозиция жау емес, қоғам мен мемлекет дамуының өзекті мәселелерін шешу бойынша тең құқылы серіктес болып табылады. Бұл тұрғыда билік пен қоғам оппоненттер ретінде емес, бірлескен шешімдер әзірлеуге бағытталған диалогқа тең құқылы қатысушылар ретінде қатысқан Ұлттық кеңес жұмысының өзі үлгі.

Үшіншіден, эволюциялық және ілгерілемелі даму принципі жарияланды. Өзгерістер қарқыны мен динамикасын көрсете отырып, Президент Тоқаев бұл саяси бағытта «step by step» режиміндегі іс-қимыл болатынын айқын көрсетті.

Жарияланған Президенттік тезистердің ешбірі жұртшылық тарапынан назарға ілікпей қалмады немесе сыни көзқарасқа ұшырамады. Керісінше, көптеген цитаталары халық арасында таралып кетті. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені жоғарыдағы үш негіздеменің аса маңызды мәні бар: олар бүгінгі идеологиялық платформаны толықтырады және кеңейтеді. Шын мәнінде, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі шешімдер әзірлеу процесіне қоғамның топтасу нүктесіне ғана емес, сондай-ақ жаңғырту реагентіне де айналды. Билік риторикасы өзгергенін мойындамауға болмайды, сонымен бірге басқару стилі өзгере бастады. Ең бастысы – саяси ландшафт пен саяси мәдениетті ырықтандыру үшін жағдай жасалуда.

Осылайша, Мемлекет басшысы бір жағынан, бүгінгі проблемаларды бағалауда парасатты пайым, екінші жағынан, мемлекеттік бағыттың тұрақтылығы үшін жауапкершілікті көрсетті.

Осы кезеңде қоғам мен билік маңызды ақиқатты ұғынды.

Мемлекет пен қоғам арасындағы сабырлы диалог пен позитивті пікірталас – елдің ілгерілемелі қоғамдық дамуының кепілі.

Міне, Ұлттық кеңес – жұмысының бірінші бөлігінің квинтэссенциясы.

Ұлттық кеңестің басты миссиясы – дүрбелең үшін емес, «ұлттық жасампаздық үшін өзгерістер».

 

Ішкі саяси контекст

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметін ағымдағы ішкі саяси ахуалдан тыс қарауға болмайды. Бұл өзара тәуелді және өзара шарттасқан процестер. Қазақстан өзінің қазіргі заман тарихында алғаш рет билік транзитін жүргізді. Саяси сәттің маңыздылығын ескере отырып, ел алдында негізгі екі сценарий болды. Біріншісі, консервативті: «статус-кво» одан әрі сақталуын және жағдайды өзгертуге байланысты кез-келген жаңа әрекеттерге биліктің қарсылығы. Екінші сценарий, прагматикалық: оның негізінде азаматтық белсенділікті даму импульсі ретінде пайдалану жатыр. Бұл тұрғыда Ұлттық кеңестің құрылуы мен жұмысы зор маңызға ие, өйткені қоғамдық шлюздерді дұрыс ашу саясатының пайдасына дамудың иррационалдық моделінен бас тарту болып табылады.

Тікелей жұмыс басталған сәттен Ұлттық кеңестің назары әлеуметтік, экономикалық және саяси сияқты үш басты бағытқа негізделді. Сонымен қатар, қоғамның негізгі назары саяси реформаға бағытталды, өйткені саяси реформа қоғамды жаңғыртудың басты бағыты. Бұл контекстіде келесі мәселелер күн тәртібіне қосылды: митингтердің ескертпе сипаты, қылмыстық кодекстің 130 және 174-баптарын қылмыстық сипаттан арылту, партияларды тіркеу сүзгісін төмендету, парламенттік оппозицияны институттандыру. Аталған тақырыптардың барлығы Ұлттық кеңестің күн тәртібі ретінде ғана тіркеліп қоймай, ақпарат алаңында да өзектіекенін айта кету керек.

Желілік кеңістікті талдау нәтижесінде аталған қадамдар жұртшылық алдында биліктің өзгерістерге мүдделі екендігін көрсете отырып, жаңа келбеттегі қоғамдық келісімге дайын екендігін көрсетеді. Берілген бұл баға реформалардың бірінші пакетіне қоғамдық бастамаларды рәсімдеген Ұлттық кеңестің екінші отырысынан кейін нығая түсті.

Ұлттық кеңестің екінші отырысында ұсынылған реформалардың айқын және нақты жоспары жағымды таңданыс әсерін тудырды. Саяси бақылаушылардың көпшілігі осы қадамды биліктің жаңғыртуға деген шынайы көңіл-күйінің тағы бір көрсеткіші деп бағалады. Мұндай оптимистік бағалау реформалардың бірінші пакетінің барлық ұсыныстарының қоғам үшін маңызды болуына байланысты. Осы орайда тек бірнеше маңызды сәттерді атап өткен жөн.

Біріншіден, Қылмыс кодексінің 130 және 174 баптарының мемлекеттік саясаттың құқық саласында салмағы бар, елдегі бостандық индексін елеулі түрде дамытуға қабілетті.

Екіншіден, митингтерді ұйымдастыруды ұзақ уақыт бойы анықтаған рұқсат беру принципі көп жағдайда тұрақтылықты идеологиялық құндылық ретінде ұстап тұрудың статикалық моделімен байланысты болды, оның сақтандырғышы ретінде қарастырылып келді.

Үшіншіден, билік өзінің басқарушы жағдайын қолданудан бас тартып, табысты монополиялауға ұмтылмады. Бұл жерде Ұлттық кеңес аясында қалыптасқан саяси реформалаудың күн тәртібі Ұлттық кеңес жұмысына дейін де қоғамдық дискурста болған және күтілген мәселе болатын. Бұл өте маңызды ескерту, өйткені билік алдын ала әрекет жасауы мүмкін (мысалы, Ұлттық кеңестің бірінші отырысына бір күн қалғанда өткен президенттік жолдауға қосу) және саяси ұстаным тұрғысынан мұндай қадам ақталған болар еді. Осының жасалмауы, сенім білдірудің, таза, шиеленіссіз жұмыс істеуге әзірліктің белгісі болып табылады.

Ішкі және сыртқы бағалар

БҰҰ Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруды «позитивті белгі» деп бағалады. Атап айтқанда, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет былай деді:

«Мен лауазымды адамдар бейбіт жиналыстарға қатысты толеранттық таныта бастағанын және жақында құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтарды кеңейтуге шақыратын азаматтық қоғам топтары кіргенін сеземін».

АҚШ Мемлекеттік департаменті Ұлттық кеңес реформасының бірінші пакетін жоғары бағалады. Атап айтқанда, Мемлекеттік хатшының көмекшісі міндетін атқарушы Алиса Уэллс басқарған Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі Бюро келесідей мәлімдеме жасады:

«Біз жала жабу мен қорлауға байланысты қылмыстарды қылмыстық кодекстен алып тастау бойынша, сондай-ақ жария жиналыстар мен саяси партияларға шектеулерді жеңілдету бойынша Тоқаев ұсынған реформаларды қолдаймыз/мақұлдаймыз. Бұл дұрыс бағыттағы оң қадам және Қазақстан бұл міндеттемені тез іске асырады/енгізеді деп үміттенеміз».

Өз жұмысының басынан бастап Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ел ішінде де ерекше назарға ие болды. Ұлттық кеңестің қызметіне қатысты бірнеше бағалау желісі қалыптасты. Аталған позициялар шеңберінде өз пікірлері мен дәлелдік базасы бар тиісті топтар қалыптасты. Бұл ретте Ұлттық кеңестің екінші отырысы Ұлттық кеңеске және жалпы билікке қатысты бағалау желілерінің елеулі өзгеруіне алып келді.

Скептиктер жалпы алғанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру бастамасын оң қабылдады. Олардың пікірінше, билік пен қоғам арасындағы диалогты институттандыру наразылық белсенділігінің радикалдануына жол бермеуге мүмкіндік береді. Скептикалық жорамалдар Ұлттық кеңестің тікелей жұмысының дамуына тікелей пропорционалды түрде азайды.

«Оптимистер» Ұлттық кеңестің жұмысын да, осы құрылымның келешегін де оң бағалайды. Елеулі ескертусіз олар реформалардың бірінші пакетін алға қарай нақты қадам деп санайды. Оптимистер позициясы негізгі үш «бағытқа» негізделген:

біріншіден, қысқа уақыт ішінде Ұлттық кеңестің жұмысы ұйымдастырылып қана қоймай, алғашқы нәтижелерге де қол жеткізілді;

екіншіден, ұсынылған реформалар пакеті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ұқсас құрылымдар – ТЖК, ДМҰК жұмысының алдыңғы тәжірибесінің ішіндегі ең терең және жүйелі болып табылады;

үшіншіден, реформалар пакеті билік пен қоғамның бірлескен күш-жігерімен нақты тұжырымдалған.

Сонымен қатар, Ұлттық кеңестің екінші отырысынан кейін «оптимистер» саны ұзақ уақыт бойы «тыныштық режимін» сақтап, Ұлттық кеңеске қатысты өз ұстанымын қалыптастырудан қалыс қалған «бейтарап» топ есебінен артты, ал екінші отырыстан кейін оптимистерге қосылды. Оның үстіне, реформалардың бірінші пакеті өз жағына тек бейтарап адамдарды ғана емес, сондай-ақ бұрын Ұлттық кеңестің келешегін пессимистік бағалағандарды да тартуға мүмкіндік берді.

Әлеуметтік өлшеу

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында жүргізілетін жұмыстарға қоғамдық қолдау әлеуметтік өлшеулердің деректерімен де расталады. Атап айтқанда, 13-17 қаңтар аралығында республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында және ауылдық елді мекендерде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметі бойынша ақпараттылық және қолдау деңгейін бағалау мақсатында халыққа телефондық экспресс-сауалнама жүргізілді.

Сауалнама нәтижелеріне сәйкес респонденттердің 70%-дан астамы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы туралы біледі (78,6%). Бұл ретте ауыл тұрғындары қала тұрғындарына қарағанда ақпараттанудың жоғары деңгейін көрсетті.

Хабардар респонденттердің 40%-дан астамы ҰҚСК жұмысы туралы жаңалықтардан естіген (42,6%), ал респонденттердің бір бөлігі интернет (29,5%) арқылы таныс болған. Қазақстандықтардың төрттен бір бөлігі ҰҚСК туралы ҚР Президентінің 2019 жылғы
2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауынан білген (24,2%).

Респонденттердің жартысынан көбі (55,2%) Ұлттық кеңестің екінші отырысында ұсынылған реформалармен таныс. Реформалардың бірінші пакетінің мазмұнын білу көрсеткіші ауыл тұрғындары арасында жоғары.

Реформалардың бірінші пакетімен таныс қазақстандық респонденттер арасында саяси бағыттағы реформалар (44,9%) ең жоғары қызығушылық тудырды.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың көпшілігі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметіне қанағаттанушылық білдіреді (78,9%). Бұл ретте респонденттердің жартысына жуығы (45,1%) толық қанағаттанады, респонденттердің үштен бірі – дәлірегі, қанағаттанады. Ауыл тұрғындары Ұлттық кеңестің қызметіне қанағаттанушылықты қалалықтарға қарағанда жиі білдіреді.

Ұлттық кеңес қызметі халық арасында жоғары деңгейде қолдау тапты. Осылайша, респонденттердің 85,2% ҰҚСК қызметіне қолдау білдіреді, бұл ретте қазақстандық респонденттердің жартысына жуығы (47,4%) Ұлттық кеңес қызметіне сенімді қолдау білдіреді.

Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттер арасында ҰҚСК жұмысынан елде жоғары өзгерістер күтетіні тіркелді. 75,8% респондент елдегі жағдай жақсарады деп болжайды, оның ішінде 37% респондент барлық салаларда жақсы жаңалықтар күтеді, ал 38,8% жекелеген салаларда жағдайдың өзгеруін күтеді.

 

 

Қорытынды

Мемлекет қоғаммен өзара іс-қимыл жасаудың қосымша коммуникациялық арналарын ашу турасында мақсатты және жүйелі түрде жұмыс істеуде. Басты коннектор – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі. Аталмыш жағдайларда өзара іс-қимылдың осындай форматы мемлекеттіліктің институционалдық базасын нығайту және оның консенсустық негізін кеңейту жөніндегі неғұрлым тиімді және прагматикалық тетік болып табылады. Сонымен бірге пікірлер плюрализмі мен көзқарастың алуан түрлілігіне негізделген жаңа саяси мәдениеттің негіздері құрылуда.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі Президент Тоқаевтың «әртүрлі көзқарас – бір ұлт» формуласын іске асырудың басты механизмі, локомотиві болып табылады. Сыни ойлау, баламалы көзқарастар деструктив ретінде қарастырылмайды, билік тарапынан талдау және оң қарау объектісіне айналады.

Кеңестің құрылымы күрделі, пікір палитрасы әртүрлі, бірақ оларды бір принцип біріктіреді, ол елдің қоғамдық процестері мен азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға деген ұмтылыс.

Ұлттық кеңес өз қызметін бастаған кезде осы құрылымның болашағы туралы көптеген теріс пікірлер, күмәнді болжамдар мен пессимистік көзқарастар болды. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, ықпалдастық күрделілігі мен әртүрлі пікірлер палитрасы құрылған Ұлттық кеңестің тұрақтылығы, беріктігі және негізділігінің іргетасы болып табылады.

Ұлттық кеңес жұмыс істеп тұр, күн санап қарқын алуда, осылайша мемлекет пен халық, билік пен азаматтар арасындағы диалогтың маңызды алаңына айналып келеді.