Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің дайындық жиыны өтті

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің дайындық жиыны өтті
Ⓒtarlan.kz

Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық кеңес төрағасы орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігі басшысы Қырымбек Көшербаевтың басшылығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің дайындық отырысы  өтті, деп жазады Tarlan.kz.

Жиын барысында 6 қыркүйекте перзиденттің қатысуымен өтетін ағалшқы отырысқа дайындық жұмысы талқыланып, Кеңес мүшелері тыңдалды. Сондай-ақ, Кеңес мүшелеріне мүшелік куәлік табыс етілді.

Айта кететін болсақ, Президент жарлығымен 17 шілдеде құрамында мемлекет басшысының өзі бар 44 мүшесі бар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылған. Президентке консультативтік-кеңесші орган статусы бар маңызды стратегиялық проблемаларды зерттейтін Ұлттық кеңес құрылымында президент Тоқаев - Кеңес төрағасы, ПӘ басшысы Көшербаев -  Кеңес төрағасы орынбасары, президент кеңесшісі Қарин - Кеңес хатшысы болып бекітілген. Одан тыс билік өкілінен президенттіке үміткер болған Ақ жол партиясы өкілі, депутат Еспаева, Nur Otan фракциясы өкілі Тілеухан, коммунист Ахметбеков сынды 3 депутат Кеңес мүшесі.