Заманауи терроризм құбылысының қауіптілігі қандай?

Заманауи терроризм құбылысының қауіптілігі қандай?
Ⓒtarlan.kz

Қазіргі таңдағы «замануи терроризм» ұғымы біріншіден саяси феномен екенін мойындауымыз қажет. Жаңа заманда «соғыс», яғни, қарулы әскери агрессия халықаралық құқық нормалары бойыншазаңсыз тыйым салынған әрекет болып саналады. Сондықтан бүгіндері астыртын, қарусыз соғыстың жаңа форматтағы әдістері дамып жатыр. Ал осы әдістердің айқын көрінісі «терроризмді» саясиқұрал ретінде пайдалану болып отыр. Бүгінгі «заманауи терроризмнің» ерекшелігі – оның артында кім тұрғанын, қандай мақсатты көздегенінің жасырын болуында. Әдетте бұл адамзатқа қауіпті, зиян іс-әрекеттің «орындаушылары» өздерінің не істеп, не қойып жатқанын түсінбейтін, білмейтін «дінидогмалардың» арбауына түскен қуыршақтар болады. Мұндай террорлық актілердің нақты қандай мақсатты көздегені жылдар өткеннен кейінғана сарапшы мамандардың зерттеужұмыстарының көмегімен ашылып жатады. Қазіргі саяси – құқықтық құндылықтар жүйесі ақпараттық қоғам формациясының экспансиялық әсерінен өзгерістерге ұшырап, қайта бағамдалып жатқан сәтте «замануи терроризм» құбылысы өзі пайдаболған барлық жерде «мультипликативті эффекті» тудырып жатыр. Қоғамдық пікір мен саяси билікарасындағы байланыста, әдетте тікелей бағытқа иеманипулияциялық әдістерде жанама атқарушылық табиғатқа ие болып, түр өзгертуде. Мәселен«қорғау», «қауіпсізденіру» желеуімен терроризмнің «жасырын» саяси – экономикалық мақсаттарға қызмет еткен іс-әрекеттерін ақтау. Осындайжасырын мақсаттарды көздеген террорлық актілерді орындау үшін алғышарт ретінде«құрастырмалы қауіп», «секьюритизация» әдісі қолданылады. Яғни әлеуметтік, мәдени немесесаяси құбылыс пен тақырыпты «өзекті ішкі немесесыртқы қауіпсіздік» деңгейіне дейін көтеру. Батыстық бірқатар сарапшылардың пікірінше, «құрастырмалы (конструктивті) қауіп, үрей» көпшілік жағдайда қауіпсіздікке қатысы жоқ тақырыптарды «қауіпті», «қорқынышты»  етуменбайланысты дейді. Қысқаша айтқанда, бүгіндері терроризм террорға теңелген. Мәселен, әлемде жолүстінде көлік апатынан қайтыс болған адамдардың саны «халықаралық терроризмнің» салдарынанқайтыс болған адамдардың санынан мың есе артыптүседі. Алайда сіздің санаңызда жол мен автокөліктің қауіптілігінен гөрі, террористік актінің қауіптілік үрей тудыру перспективасы басым. Бұл медиа мен саяси құралдар арқылы сіз бен біздің санамызға салынып жатқан «үрей» мен «қорқыныштың» проекциясы.  Терроризм қауіпті және қорқынышты, алайда мәселе әрбір террордың артында жасырынған «үлкен террор» бар екендігінде. «Замануи терроризм» құбылысы ашық манипулияциялық табиғатынан бөлек, азаматтардың санасына және саяси режимдергеәсері арқылы өз кезегінде «секьюритизациялық» эффекті тудырады. Мәселен, кезінде дәл осындаймысалмен АҚШ саяси авантюралар жасап, Ауғанстан мен Ирак, кешегі Сирия мемлекеттерінің жеріне басып кіріп, Таяу Шығыс аймағында саяси – әлеуметтік балансты бұзған болатын. Кез келгенмемлекет пен саяси күштен жасанды құбыжық – «Левиафан» жасау «замануи терроризмге» тапсырыс берушілерге таптырмас құрал.  «ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІ РЕСЕЙМЕН БІРГЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ТҰРУЫ КЕРЕК» ДЕГЕН ТЕЗИС ЭКПАНСИЯЛАНУДА. Мысалы, біздің бүгінгі ақпараттық кеңістігімізде Орта Азия елдерінехалықаралық террористік ұйымдар тарапынантөнетін қауіп-қатері жиі жазылуда. Кешегі Сирия жерінде күйреуге ұшыраған «ДАИШ» секілдіұйымдардың Орта Азия мен Орталық Азия аймағына локация ауыстыруы халықаралық қауіпсіздіктің күн тәртібінде тұрған мәселелерінің бірі. Дегенмен Орта Азиядағы діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері туралы ақпараттарды сараптасақ, олар да  біржақты ақпараттық табиғат, бір сарындылық басым екені байқалады.  «Орта Азия елдері Ресеймен бірге халықаралық терроризмге қарсы тұруы керек» деген тезис экпансиялануда.  Ресей  – аймақтағы беделді, маңызды ойыншы.  Оның үстіне Ауғанстан жеріненбастау алатын созылмалы деңгейге жеткентеррористік, экстремистік мәселелер бар. Алайда«халықаралық терроризмнен» конструктивті қауіп жасап, секьюритюзациялау, бұл аймақта кімгеқандай пайда әкелетінін өз уақытында көреміз депойлаймын. ДІН АТЫН ЖАМЫЛҒАН ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕСУГЕ БӨЛІНІП ЖАТҚАН ҚАРЖЫМЕН, ОНАН КЕЛІП ЖАТҚАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЗАРДАПҚА ҚАРАСАҢЫЗ, ТЕРРОРИЗМ ТАҚЫРЫБЫ ӨЗ АЛДЫНА «НАРЫҚ» ҚАЛЫПТАСТЫРЫП ОТЫРҒАНДЫҒЫН КӨРЕМІЗ. Мына бірстатитсикалық мәліметке қарайтын болсақ, 2000 – 2016 жылдар аралығындағы «замануи терроризм» кесірінен әлемдік деңгейдегі келтірілген шығын көлемі беріліген. Соңғы жылдардағы Сирия жеріндегі қарулы қақтығыстарды ескеретін болсақ, бұл көрсеткіштер арытпаса, кемімегені анық. Дінатын жамылған терроризм мен экстремизмменкүресуге бөлініп жатқан қаржымен, онан келіпжатқан қаржылық зардапқа қарасаңыз, терроризм тақырыбы өз алдына «нарық» қалыптастырып отырғандығын көреміз. Және де осы терроризмменкүресіп жатқан саяси күштердің ешбірі күресті өз территориясында жүргізіп жатқан жоқ.  Халықаралық терроризммен күрес, бұл жаңа геосаяси мүдделер мен энергетикалық ресурстарға салынған «инвестиция» болып отыр. Соңғы жылдардағы АҚШ пен Ресей арасындағы конфронтациялық көңіл күйлер, халықаралық терроризмге күрескерлер санын тағы бір ойыншыға артқызды. Оған дәлел Сирия жеріндегі қарулы қақтығысқа Ресейдің де «ашық» түрде терроризммен күресу үшін әлемдік деңгейде әскери іс – қимылдарға барғандығы. Ендігі жердебейбітшілік ұранымен Ресейде халықаралық терроризмге қарсы батыл қадамдарға бара алады. Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында да Орта Азиядағы «замануи тероризмнің» қауіп – қатері өзектендіріліп келеді. Кейбір мемлекеттің басшыларының ауызымен де төніп келе жатқан «қауіп» жөнінде көптеп айтқызылуда.  Қандай да бір келісім мен серіктесіктің аясындағы достық болмасын, біз тәуелсіз жас мемлекет ретіндесыртқы не ішкі болсын мәселерді пайдаланыпкетуге болатын деструктивті қалыптасуларға жолбермеуіміз керек. Сондықтан, «замануи терроризм» табиғатымен күресте ескеретін жайттардың бірі, мемлекет әлеуметтік құрылым ретінде дінді дұрыс түсіне алу керек. Соның ішінде ислам дінінің сүнниттік бағытындағы танымдарын. Себебі нақ осы ислам доктринасы ішінен терроризмгетапсырыс берушілердің қажеттілігі өтелуде.

Снадин Асылбек, дінтанушы, тәуелсіз сарапшы.